Өзіндік құнды өзгерту
Poster өзіндік құнды жеткізілімдер мен қойма қалдықтары негізінде автоматты түрде есептейді.
Тауарларды немесе тех. карталарды өңдеу кезінде олардың өзіндік құнын өзгерту мүмкін емес.
Poster өзіндік құнды жеткізілімдер мен қойма қалдықтары негізінде автоматты түрде есептейді.
Қате өзіндік құнды түзету үшін ашық түгендеу кезеңіне кіретін жеткізілімдерді өңдеңіз. Өзіндік құн орташа өлшенген əдіс бойынша əрбір келесі жеткізілімде өзгеріп отырады.
☝️ Ингредиенттер мен тауарлардың өзіндік құны соңғы толық түгендеуден келесі толық түгендеуге дейінгі кезеңде орташаланады. Түгендеуде нақты қалдықты көрсетсеңіз, оның өзіндік құны жаңа кезеңдегі келесі жеткізілімдермен орташаланады.
💡 Өзіндік құн орташаланбауы үшін Poster-де түгендеу жүргізіңіз. Ол үшін Нақты қалдық бағанына «0» жазып, қажетті ингредиенттер бойынша өзекті құнмен жеткізілімдер жасаңыз.

Өндірілген тамақтар мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құны жаңа партияларды өндіру кезінде орташа өлшенген өзіндік құн əдісімен қайта есептеледі.