Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Poster-дегі касса деген не

Бір қолданбада тапсырыс қабылдаңыз, қонақтарға жеңілдік жасаңыз және есептерді қараңыз.

Касса — даяшылар мен кассирлердің жұмыс орны. Мұнда олар тапсырыс қабылдайды, қонақтарға жеңілдік жасайды және қонақпен есеп айырысады.

Тапсырыс қабылдауды бастау үшін қолданбаны планшетке, ноутбукке немесе смартфонға орнатыңыз. Касса барлық платформаларда қолжетімді. Қолданбаны жүктеу үшін Poster-пен жұмыс істейтін құрылғыда POS.PS сайтын ашыңыз. Содан кейін кассаға кіріп, алғашқы тапсырысты қабылдаңыз.

Мекемеңізге ыңғайлы шешімді таңдаңыз. Әр тарифке бір касса кіреді. Егер бірнеше қызметкер бір уақытта тапсырыс қабылдаса, қосымша кассаларды қосыңыз.


Жаңадан қосылған кассалар бөлек төленеді. Қосымша кассалардың құны негізгі тариф шотына автоматты түрде қосылады. Қосымша кассалардың саны мен төлем сомасын Параметрлер → Жазылым төлемі бөлімінен тексеріңіз.

 

☝️ Қосымша кассаны тек иесі, басқарушы немесе лауазымында колжетімділік баптаулары бөліміне толық рұқсаты бар қызметкер ғана қоса алады.