Қайта өңдеу деген не және тағамды қалай қайта өңдеуге болады
Қайта өңдеу бір ингредиентті бірнеше басқа ингредиентке бөлуге көмектеседі. Мысалы, бүтін балықты сүбеге және сүйекке бөлуге болады.
Poster-дегі Қайта өңдеу қоймадағы бір өнімді басқа өнімдерге айналдырады. Мысалы, бұл мүмкіндік бүтін балықты бөліктерге бөлуге, кешегі наннан кептірілген нан жасауға, ал қант ұнтағынан шәрбат дайындауға көмектеседі. Төменде өнімдерді қалай қайта өңдеуге болатынын көрсетеміз.
Қайта өңдеумен жұмыс істеу Pro тарифінде қолжетімді.
Егер сіз бүтін балық сатып алып, оны бөліктерге бөлсеңіз, оны Poster-де де көрсетіңіз: «Бүтін албырт» ингредиентіне Жеткізілімдер қосыңыз да, оны сеттерге қолданатын «Албырт сүбесі» және сорпаға арналған «Албырт сүйектері» ингредиенттеріне қайта өңдеңіз.
Балықты бөлу процесін Poster-де көрсету үшін қайта өңдеуді осылай жасаңыз:
-
Админ-панельдегі Қойма → Қайта өңдеу бөліміне өтіңіз.
-
Қосу батырмасын басыңыз.
-
Қайта өңдеу күні мен уақытын көрсетіңіз.
-
Бастапқы өнімдер өрісінде тізімнен бір немесе бірнеше ингредиентті таңдаңыз, қайта өңделетін санын көрсетіңіз және қойманы таңдаңыз.
-
Алынған өнімдер өрісіне алғыңыз келетін өнімдерді қосыңыз. Мысалы: сүбе, сүйектер, ішкі ағзалар, кесінділер және бас. Әр ингредиент үшін қойманы таңдап, өзіндік құн пайызын көрсетіңіз. Мысалы, сүбе қымбатырақ болса, оған басқа өнімдерге қарағанда жоғары пайыз беріңіз.
💡 Жаңа ингредиенттерді осы жерден бірден қоса аласыз. Ол үшін атауын тере бастаңыз да, Ингредиент қосу пәрменін таңдаңыз. -
Сақтау батырмасын басыңыз.
☝️ Жалпы есепте өзіндік құнды бөлу 100% болуы керек. Егер пайыз аз немесе көп болса, қайта өңдеуді сақтау мүмкін болмайды. Себебі қайта өңделген ингредиенттердің өзіндік құны бастапқы өнімнің өзіндік құнынан артық та, кем де болмауы керек.

Қайта өңдеу кезінде қоймадан бүтін албырт есептен шығады, ал таңдалған қоймаларда жаңа ингредиенттер пайда болады.
💡 Егер балықты бөлгенде бір бөлігі жарамсыз болып қалса, оны да есепке алыңыз. Ол үшін қайта өңдеуден кейін кесінділерді қоймадан есептен шығарыңыз.
Қоймада сақталатын кез келген өнімді қайта өңдеуге болады: ингредиенттерді, модификациясы бар тауарларды, өндірілетін тех. карталарды және жартылай фабрикаттарды.
Алынған өнімдердің саны мен өзіндік құнын Қойма → Қозғалыс бойынша есеп бөлімінен қараңыз.
Қайта өңделген тех. карталар мен жжартылай фабрикаттардың өзіндік құны жаңа партиялар қайта өңделген кезде орташа өлшенген өзіндік құн әдісімен қайта есептеледі.