Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Мекемені қайта іске қосуға қалай дайындауға болады: чек-парақ

Мекеме қайта ашылғаннан кейін қонақтарды қабылдауды бастау үшін Poster аккаунтын алдын ала дайындаңыз. Ол үшін қоймадағы қалдықтарды жаңартыңыз, шоттардағы сомаларды тексеріңіз, жаңа қызметкерлерді қосыңыз, мәзірді жаңартыңыз және кассаны іске қосыңыз.

✔️ Қоймадағы қалдықтарды жаңартыңыз

Өнім қалдықтарын нөлден бастап қайта жүргізу үшін инвентаризация жасаңыз және әр позицияның қасына Факт. қалдық бағанында 0 мәнін қойыңыз.

Одан кейін тауарлар мен ингредиенттердің нақты қалдықтарын енгізу үшін Қойма → Жеткізілімдер бөліміне жеткізілім қосыңыз. Егер жеткізілімдегі өнімдер үшін төлемді бұрын жасап қойған болсаңыз, ақшаны есептен шығару үшін бухгалтериядағы Шот өрісін толтырмаңыз.

частичная инвентаризация

Егер тек бірнеше позицияның қалдығын түзету керек болса, ішінара инвентаризация жасаңыз.

✔️ Қаржыдағы шоттарды жаңартыңыз

Poster-дегі шоттарға транзакциялар қосып, балансты нақтылаңыз. Мысалы, егер іс жүзінде бағдарламадағы сомадан аз ақша болса, айырма сомасына шығыс транзакциясын қосыңыз.

добавить счета для заведения

 

✔️ Жаңа қызметкерлерді қосыңыз

Үзілістен кейін команда өзгеруі мүмкін. Жаңа қызметкерлер Әкімші панелі мен кассада жұмыс істеуі үшін оларға қолжетімділікті баптаңыз.

добавить сотрудника

✔️ Жаңа тех. карталарды қосыңыз

Егер мекемеде мәзір жаңарса, өзгерістерді Poster-ге енгізіңіз.

Жаңа тауарлар мен тех. карталарды қосу үшін мәзірді толтыру туралы мақаланы ашыңыз.

✔️ QR арқылы мәзірді, төлемді және пікірлерді баптаңыз

QR-код арқылы мәзір мен пікірлерді баптаңыз. Қонақтар мәзірді бірден ашуы үшін үстелдерге QR-коды бар стикерлерді орналастырыңыз.

Егер үстел басында қызмет көрсетпесеңіз, стикерлерді касса маңындағы аймаққа орналастырыңыз. Сонда қонақтар кезекте тұрған кезде тағамдар мен сусындарды таңдай алады.

 

✔️ Жазылымды қайта қосыңыз

Даяшының жұмыс орнын дайындап, кассамен жұмысқа қайта оралу үшін админ-панельде жазылымды банк картасымен төлеңіз.

 

✔️ Касса логині мен құпиясөзін тексеріңіз

Сатуды қайта бастау үшін Poster кассасына кіріңіз. Логин мен құпиясөзді админ-панельдегі Қол жеткізу → Кассалар қойындысынан қараңыз.

📲 Егер мекемеде бірнеше қабат немесе үлкен терраса болса, Мобильді даяшыны қосыңыз. Сонда даяшылар тапсырысты смартфоннан қабылдап, оны бірден асүйге жібере алады.

 

✔️ Жабдықты қосып, баптаңыз

Егер бұрын бапталған жабдықпен жұмыс істесеңіз, оны қайта қосып, кассада көрініп тұрғанын тексеріңіз.

Жабдықты қосу және тексеру үшін:

  1. Роутерді қосыңыз және басқа POS-жабдықты 220V желісіне жалғаңыз.
  2. Провайдер кабелін роутердің WAN-портына немесе 4G-модемді USB-портқа жалғаңыз.
  3. Poster қосымшасы орнатылған планшет немесе ноутбукті роутердің Wi-Fi желісіне қосыңыз.
  4. Түбіртек принтерлері мен тапсырыс принтерлерін қосыңыз.
  5. Poster қосымшасында батырмасын басып, Құрылғылар бөлімін ашыңыз.
  6. Тізімде барлық қосылған құрылғылардың бар екенін тексеріңіз.
  7. Цехтардың жүгіртпелерді жіберу қосқыштары дұрыс қойылғанын тексеріп, тест чектерін басып шығарыңыз.

проверить оборудование

 

💪🏻 Сұрағыңыз қалса, чатқа жазыңыз. Қолдау командасы көмектеседі.