Науқандарды баптау туралы сұрақ-жауап
Бұл мақала науқан шарттарын жылдам тексеруге және барлығының қажетінше жұмыс істеуіне көмектеседі.
Науқанды іске қоспас бұрын, барлығының дұрыс бапталғанына көз жеткізіңіз:
- Кассаны синхрондау. Әкімші панелінде өзгерістер жасағаннан кейін кассадағы Poster қосымшасын қайта іске қосыңыз.
- Күн мен уақыт. Планшеттегі күн, уақыт және уақыт белдеуі аккаунт баптауларына сәйкес келеді.
- Қолданылу шарттары. Науқан қолданылатын кезеңді, апта күндерін, сағаттарды, мекемелерді және клиенттер топтарын тексеріңіз.
- Тест тапсырысы. Науқан шарттарынан позицияларды қосып, түбіртекті жабыңыз және жеңілдік немесе сыйлықтың түбіртек пен есептерде қалай көрсетілетінін тексеріңіз.
Науқандардың негізгі жұмыс ережелері
Бір позиция — бір науқан. Бірнеше науқан сәйкес келсе, жүйе қонаққа ең тиімдісін қолданады.
Науқан және жеке жеңілдік. Түбіртекте науқандық тауарлар болса, науқан басым болады. Жеке жеңілдік тек науқанға кірмейтін позицияларға қолданылады.
Ерекшеліктер. Маркетинг → Ерекшеліктер бөліміндегі тауарларға бонустар мен жеке жеңілдіктер қолданылмайды. Мұндай тауарларды науқан шарттарына қоссаңыз, науқан соларға да қолданылады.
Тіркелген баға. Бұл — түрлендіргіштер енгізілген түпкілікті құн. Түрлендіргіштер бағаға әсер етуі үшін оларды түбіртекке бөлек позиция ретінде қосыңыз немесе олардың құнын тіркелген сомаға кіргізіңіз.
Депозит. Оны тек нөлге дейін есептен шығарады. «Минусқа» төлеу мүмкін емес.
Науқан кассада іске қосылмаса
- Науқан әкімші панелінде сақталғанына және кассаның синхрондалғанына көз жеткізіңіз.
- Құрылғы мен аккаунттағы уақыт белдеуін салыстырыңыз.
- Барлық шарттардың орындалғанын тексеріңіз: қажетті позициялар, саны, клиенттер тобы, қолданылу кезеңі, мекеме.
- Түбіртектегі тауар науқанға қатысып тұрса және даяшы оны алып тастауы немесе санын азайтуы қажет болса, алдымен науқанды ажыратыңыз: — ашық тапсырыста оң жақ жоғарғы бұрыштағы Науқан түймесін басыңыз; — оның қолданылуын алып тастаңыз; — осыдан кейін санды өзгертіңіз немесе тауарды түбіртектен жойыңыз.
- Мәзірді немесе тех. карталарды өзгерткен болсаңыз, белсенді науқандарды тексеріңіз: позициялар, санаттар немесе ерекшеліктер ескірмегенін тексеріңіз.
- Негізгі бағаларды өзгерткен болсаңыз, тіркелген бағасы бар ескі науқанды өзгертпеңіз. Ағымдағы мәндермен жаңасын құрып, ескісін өшіріңіз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Баптауларда «Жинақтау шарттары» өрісі неге жоқ? Ол тек Санаттар мен тауарлар блогындағы позициялар үшін «Дәл» шарты таңдалғанда пайда болады.
Науқан неге шарттардағы тек бір позицияға қолданылады? «Кем емес» шарты осылай жұмыс істейді. Науқанды түбіртектегі барлық науқандық позицияларға қолдану үшін:
- шартты «Дәл» етіп өзгертіңіз;
- «Жинақтау шарттары» өрісінде «Жинақтаусыз, бір түбіртек шегінде бірнеше рет» нұсқасын таңдаңыз.
Сондай-ақ науқандық позицияларды бір санатқа біріктіріп, оны науқан шарттарында көрсетіңіз.
«Науқанды автоматты түрде қолдану» өрісі неге сұр және белсенді емес? Ол тек Санаттар мен тауарлар блогындағы позициялар үшін «Дәл» шарты таңдалғанда ғана қосылады.
Қонақта науқан бойынша позициялар неге жинақталмайды?
Тексеріңіз:
- клиенттің статистикасында науқан шарттарындағы позициялары бар түбіртектер бар;
- науқан бастаған соң шарттар өзгермеген: позициялар, санаттар, клиенттер топтары;
- түбіртектер науқан қолданылатын кезеңде пробиттелген;
- сол позицияларға басқа науқандар қолданылмаған, себебі бір позиция тек бір науқанға ғана қатысады.
Тех. картканы өзгерту кезінде «Түрлендіргіштері бар тех. картка науқанда бонустық тауар бола алмайды» қатесі неге шығады?
Науқандардағы бонустық тауарларды өзгерту мүмкін емес. Өзгерістер енгізу үшін:
- осы бонустық тауар пайдаланылатын науқанды жойыңыз; немесе
- науқанды аяқтап, оның қолданылуын тоқтатыңыз.
Осыдан кейін тех. картканы өзгертуге болады.
Қонақтарды жеңілдіктермен немесе сыйлықтармен қуанту үшін кассада науқанды қолданыңыз.