Бір мекемеде бірнеше касса қалай синхрондалады
Егер мекемеде даяшылар бір уақытта бірнеше кассада жұмыс істесе, барлық түбіртектер өзара синхрондалады.
Егер мекемеде даяшылар бір уақытта бірнеше кассада жұмыс істесе, барлық түбіртектер өзара синхрондалады. Сондықтан әр планшетте барлық қызметкерлердің ашық тапсырыстары көрінеді, ал Зал картасы үстелдерді әртүрлі түспен көрсетеді:
— сұр — үстел бос;
— көгілдір — үстелдегі тапсырысты кассаның оң жақ жоғарғы бұрышында аты көрсетілген белсенді даяшы ашқан;
— күлгін — тапсырысты басқа даяшы ашқан. Оның аты үстелде көрсетіледі, ал тапсырысты өңдеу мүмкін емес.
💡Үстелде қызмет көрсетуге арналған қосымшаны орнатыңыз. Сонда бірнеше даяшы бір уақытта тапсырыс алып, оларды асүйге бірден өз смартфонынан жібере алады.
Бір кассадағы түбіртек туралы деректер алдымен біздің серверге жіберіледі. Содан кейін олар мекемедегі басқа кассаларға, Әкімші панеліне және смартфоннан статистиканы көруге арналған Poster Boss қосымшасына түседі.
☝️ Егер кассаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы индикатордың түсі сары не сұ түске өзгерсе, кассалар бір-бірімен, Әкімші панелімен және Poster Boss-пен синхрондалмай тұр деген сөз. Бұл мекемеде интернет өшіп қалса, планшет Wi-Fi желісіне қосылмаса немесе біз Poster жүйесінде жоспарлы жаңарту жүргізіп жатсақ болады.

☝️ Сату деректерін жоғалтпау үшін, байланыс қалпына келгенше кэшті тазаламаңыз және қолданбаны өшірмеңіз.
Даяшы офлайн қабылдаған тапсырыстар оның кассасында сақталады. Мекемеде интернет қайта қосылғаннан кейін олар автоматты түрде барлық қызметкерлердің кассаларымен, Әкімші панелімен және Poster Boss қолданбасымен синхрондалады.
☝️ Бір кассамен тек бір құрылғыда жұмыс істеуге болады. Егер сол кассаға басқа планшеттен не компьютерден бір уақытта кірсеңіз, бірінші құрылғыдағы қызметкердің жұмысы автоматты түрде тоқтап, қолданбадан шығады.
Әр қызметкер бойынша сату статистикасын және жұмыс істеген уақытын бақылаңыз.
