Кассада кассалық ауысыммен қалай жұмыс істеу керек
Мекемедегі қолма-қол ақшаның қозғалысын бақылау үшін Кассалық ауысым функциясын пайдаланыңыз.
Мекемені икемді басқарыңыз: әрбір тиынның ішкі есебін жүргізіңіз, ал фискализациямен жұмыс істесеңіз — қандай операцияларды фискализациялау керегін өзіңіз таңдаңыз. Мысалы, салық органына тек сатылымдарды жіберіп, техникалық түзетулерді немесе қызметтік шығындарды фискализациясыз есепке алыңыз.
| Ауысым түрі | 💼 Кассалық ауысым | 🏛 Фискалдық ауысым |
| Не көрсетеді | Ішкі есеп: дәл қазір ақша жәшігінде нақты қанша ақша барын көрсетеді. |
Салық жүйесінде күндік түсімнің қандай сомасы ресми тіркелгенін көрсетеді. |
| Не үшін керек | Ұрлықты, қызметкерлердің қателерін және қолма-қол ақшаның нақты қалдығын бақылау үшін. |
Фискализация туралы заң талаптарын сақтау үшін. |
| Қашан ашылады | Ауысымды ашу батырмасын басқанда. | Алғашқы фискалдық әрекет кезінде: сату түбіртегін басып шығарғанда, Фискализация қосқышы қосулы күйде ақша енгізгенде немесе X-есепті алғанда. |
Алдымен аккаунтыңызда кассалық ауысым қосулы екенін тексеріңіз. Ол үшін Параметрлер → Жалпы бөліміне өтіп, Кассаның ауысымын пайдалану параметрі қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бұл параметр қосулы болса, даяшының немесе кассирдің жұмыс күні кассалық ауысымды ашудан басталады. Ашқанда кассада кешеден қалған қолма-қол ақша сомасын енгізесіз. Күн ішінде қызметкерлер түбіртектерді жабады, шығындар мен қосымша түсімдерді енгізеді. Кешке ауысымды жапқаннан кейін түсіммекеменің тиісті шоттарына автоматты түрде түседі.
💡 Фискализациямен жұмыс істеу және деректерді салық жүйесіне жіберу үшін Webkassa қолданбасын қосыңыз.
Кассалық ауысымды ашу
- Планшеттен немесе компьютерден Кассаға кіріңіз.
- Қызметкердің ПІН-кодын енгізіңіз.
- Кассадағы қалдық өрісіне жұмыс күні басындағы ұсақ ақша сомасын жазыңыз.
Егер сатылымды Webkassa арқылы фискализацияласаңыз, Фискализация қосқышын қосыңыз. Poster салық жүйесіне Қызметтік енгізу жібереді. Сонда ауысымдар бір уақытта ашылады. - Ашу батырмасын басыңыз.

💡Егер кассалық ауысым қате сомамен ашылса, ештеңе етпейді. Кассалық ауысымды админ-панельде Қаржы → Кассалық ауысымдар қойындысында өңдеңіз.
Одан кейін даяшы немесе кассир қосымшада әдеттегі режимде жұмыс істейді.

Ақша жәшігіне ақша салғанда немесе одан ақша алғанда, кассада транзакция жасаңыз. Poster-де транзакцияның 3 түрі бар:
- Шығыс — мысалы, су жеткізуге төлем немесе қызметкерлердің жалақысы;
- Енгізу — кассаға ұсақ ақша қосу;
- Инкассация — күндік қолма-қол түсімді Ақша жәшігі шотынан Сейфке аудару. Оны әр жұмыс күнінің соңында, ауысымды жабар алдында жасаңыз.
Кассада транзакция жасау үшін
- Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы ≡ белгісін басыңыз.
- Транзакция жасау тармағын таңдаңыз.
- Транзакция түрін таңдаңыз: Шығыс, Енгізу немесе Инкассация.
- Соманы енгізіп, түсініктеме жазыңыз.
- Транзакция санатын таңдаңыз.
💡 Әдепкі бойынша транзакцияға Кассалық ауысым санаты беріледі. Қаржылық есепті толығырақ көру үшін басқа санатты таңдаңыз. Мысалы, жалақыны ақша жәшігінен қолма-қол төлесеңіз, Жалақы санатын таңдаңыз. - Жасау батырмасын басыңыз.

💡 Ауысымдағы сату сомасын кассадағы сатылымдар есебінен тексеріңіз.
Жұмыс күні соңында кассалық ауысымды жабу
☝️ Ауысымды жаппас бұрын, күндік түсім бойынша инкассация жасаңыз және ертеңгі ұсақ ақшаға қажет соманы ақша жәшігінде қалдырыңыз.
Кассалық ауысымды жабу үшін
- Кассадағы сатылымдар есебін жасаңыз. Фискализациямен жұмыс істесеңіз, X-есеп жасаңыз.
- Кассадағы қалдық блогында соманы кассадағы қолма-қол ақшамен салыстырыңыз.
🧮 Кассадағы қалдық мына формуламен есептеледі:
Қолма-қол ақша айналымы − Қолма-қол ақша қайтарымдары + Кірістер − Шығыстар - Осы сомадан ертеңге кассада қалдыратын ұсақ ақша сомасын бөліп қойыңыз.
- ≡ белгішесін басып, транзакция жасауды таңдаңыз. Транзакция түрі ретінде Инкассацияны таңдаңыз. Ұсақ ақшаны есептемей, фискалды қолма-қол ақша сомасын енгізіңіз.
- ≡ белгішесін басып, Ауысымды жабу түймесін таңдаңыз.
- Ертеңге арналған ұсақ ақша сомасын енгізіңіз.
☝️ Фискализациямен жұмыс істесеңіз, Z-есеп ауыстырғышы қосулы екеніне көз жеткізіңіз. - Аяқтау түймесін басыңыз.

☝️ Егер залда ашық түбіртектер болса, кассалық ауысымды жаба алмайсыз. Ондайда алдымен түбіртектерді жабыңыз, содан кейін инкассация жасап, ауысымды жабыңыз.
Немесе Параламетрлер → Қауіпсіздік бөліміне өтіп, Кассада ашық түбіртектер болса, кассалық ауысымды жабуға тыйым салу параметрін өшіріңіз.
Кассада қосылған транзакцияларды көру және кассалық ауысымды бақылау үшін админ-панельді пайдаланыңыз.