Цехтар бойынша сатылым статистикасын қалай көруге болады
Бар мен асүй бойынша сатылған тауарлар санын, түсімді және пайданы бақылау үшін цехтар бойынша сатылым статистикасын қараңыз.
Цехтар бойынша сатылым статистикасын көру үшін:
- Әкімші панелінде Статистика → Цехтар бөлімін ашыңыз.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы күнтізбені басып, есептік кезеңді таңдаңыз.
- Әр мекемедегі цехтар бойынша сатылған тауарлар мен тех. карталарды көру үшін ашылмалы тізімнен мекемені таңдаңыз.
- Қажет цехты таңдаңыз. Осы цех бойынша түсімді, пайданы, түбіртектер мен келушілер санын, орташа түбіртек сомасын, ең белсенді уақытты, апта күндерін және тауарларды көресіз.
- Деректерді сұрыптау үшін қажет баған атауын басыңыз.

Клиенттер арасында сұранысқа ие емес және мекемеге 5%-ға дейін түсім әкелетін тауарлар мен тех. карталарды білу үшін Postie AI-дың есеп құрастырушысын пайдаланыңыз.