Тауар сатылымының статистикасын қалай көруге болады
Сатылған тағамдар санын, food cost пайызын және түсім сомасын бақылау үшін тауар сатылымының статистикасын қараңыз.
Тауар сатылымының статистикасын көру үшін:
- Әкімші панелінде Статистика → Тауарлар бөлімін ашыңыз.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы күнтізбені басып, есептік кезеңді таңдаңыз.
- Ашылмалы тізімнен тауарлар мен тех. карталар санатын таңдаңыз.
- Бірнеше мекемеңіз болса, қажет мекемені таңдаңыз.
- Әр қызметкердің сатылым тарихын көру үшін даяшыны таңдаңыз.
- Тауарларды және олардың санын, жеңілдік сомасын, жалпы айналымды, түсімді, пайданы және food cost көрсеткішін қараңыз.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы ⿲ Бағандар түймесін басып, тауар сатылымы статистикасында қай бағандар көрсетілетінін таңдаңыз: цехтар, орташа өзіндік құны мен бағасы, үстеме баға пайызы, бонустармен және қосымша әдістермен төлем, УКТ ВЭД кодтары.
- Деректерді сұрыптау үшін қажет баған атауын басыңыз.

💡 Тауар сатылымының статистикасы бар Excel кестесін жүктеп алу үшін Экспорт түймесін басыңыз. Есепті басып шығару үшін Басып шығару түймесін басыңыз.
Әр тауардың сатылым статистикасын мекемеңіздің әр жұмыс күні бойынша бөлек жүктеп алу үшін Статистика → Тауарлар бөлімінде жоғарғы оң жақ бұрыштағы Экспорт түймесін басыңыз. Кейін Күндер бойынша параметрін таңдап, Жүктеп алу түймесін басыңыз.

💡 Food cost — өзіндік құнның сату бағасына пайыздық қатынасы.
💡 Клиенттер қай тауарларды жиі сатып алатынын және қай тауарлар мекемеге көбірек түсім әкелетінін білу үшін тауар атауын басыңыз. Poster сол тауардың сатылым диаграммасын құрады.
Модификаторларды көрсету
Есептегі деректердің детализациясын өзгерту үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы Бағандар түймесін басып, Модификаторлар тармағын табыңыз. Әр тағам нұсқасын бөлек көру үшін құсбелгіні қойыңыз. Тауардың барлық вариацияларын бірге топтау үшін құсбелгіні алып тастаңыз.
Осылай жалпы және толық деректер арасында тез ауыса аласыз. Мысалы, «Капучино» бойынша жалпы пайданы бағалау үшін модификаторларды жасырыңыз. Ал сүттің белгілі бір түріне немесе сусын көлеміне сұранысты талдау үшін модификаторларды көрсетіңіз.
☝️ Жойылған тауарлар статистикада қалады және қызыл түспен белгіленеді.
Даяшы танымал тағамдарды тез табуы үшін касадағы тауарлардың ретін өзгертіңіз.