Қызметкерлердің жұмыс уақытын қалай есептеу керек
Қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеп, жалақыны дұрыс есептеңіз.
Ол үшін жұмыс сағаттарын есептеуді қосыңыз, жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуын бақылауды автоматтандырыңыз және қызметкерлердің ауысымдары туралы ақпаратты тексеріңіз.
Жұмыс уақытын есептеу Business және Pro тарифтерінде қолжетімді.
Жұмыс уақытын есептеуді баптау
Қызметкер кассада ПИН-код енгізгеннен кейін жұмыс ауысымы ашылуы үшін жұмыс уақытын есептеуді баптаңыз.
Жұмыс уақытын есептеуді баптау үшін:
- Админ-панельде Параметрлер → Жалпы бөлімін ашыңыз.
- Әкімшілік параметрлері блогында Қызметкерлердің жұмыс уақытын ескеру тармағын белгілеңіз.
- Сақтау түймесін басыңыз.

Жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуын бақылауды автоматтандыру
Қызметкерлердің ауысым басталған және аяқталған уақытын тіркеңіз. Бұл кешігулерді, артық жұмыс уақытын және икемді кестедегі жұмыс уақытын есептеуге көмектеседі.
Жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуын бақылауды автоматтандыру үшін:
-
Жұмыс ауысымын ашу үшін қызметкердің ПИН-кодын енгізіп, Poster қолданбасына кіріңіз. Қалқымалы хабарлама мен дыбыс сигналы ауысымның ашылғанын көрсетеді.
-
Жұмыс күні соңында оң жақ жоғарғы бұрыштағы ≡ белгішесін басып, Ауысымды аяқтау таңдаңыз. Қызметкер картасында жұмыс уақытын тексеріп, Ауысымды аяқтау басыңыз.

☝️ Жүйе қызметкердің кассадағы белсенділігін емес, жұмыс уақытын есептейді.
💡 Икемді кестемен жұмыс істейтін қызметкерлердің уақытын есептеу үшін бизнес-күн ішінде олардың жұмыс ауысымдарын кезекпен ашыңыз. Ол үшін оң жақ жоғарғы бұрышта жұмыс ауысымын бастаған даяшының атын басыңыз 🔐. Содан кейін келесі қызметкер ПИН-кодын енгізіп, жұмыс ауысымын бастайды.
Қызметкерлер ауысымдары туралы ақпаратты бақылау
Қызметкерлердің жалақысын есептегенде қате жібермеу үшін жұмыс уақытын бақылаңыз. Әкімші басқа қызметкерлердің жұмыс ауысымдарын көре, өңдей, жаба және жоя алады.
Қызметкерлер ауысымдары туралы ақпаратты бақылау үшін:
- Poster қолданбасына иесі немесе басқарушы ретінде кіріңіз.
- Оң жақ жоғарғы бұрыштағы ≡ белгішесін басып, Барлық ауысымдар таңдаңыз.
- Қызметкерлер ауысымы терезесінде таңдалған күн бойынша ауысымның басталу және аяқталу уақытын, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс уақытын қараңыз:
— қызметкер атының алдындағы жасыл белгі ауысымның ашық екенін көрсетеді;
— қызметкер атының алдындағы сұр белгі ауысымның жабық екенін көрсетеді. - Жұмыс уақытын көру үшін қызметкер картасын ашып, Ауысымды аяқтау басыңыз.
- Қызметкерлер ауысымы терезесінде:
— ашық ауысымды таңдап, қызметкердің жұмыс күні басталған уақытын өзгерту үшін Ауысымның басталуы өрісін басыңыз;
— жабық ауысымды таңдап, Ауысымды жою басыңыз. Қызметкер ауысымын қателесіп жойсаңыз, Болдырмау басыңыз.

Әр қызметкердің жұмыс уақыты статистикасын бақылаңыз.