Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Бонустық лоялдылық жүйесін қалай баптау керек

Клиенттер бонус жинап, түбіртекті толық немесе жартылай бонуспен төлей алуы үшін Бонустық жүйені баптаңыз.

Ол үшін Клиенттер тобы жасаңыз, бонустық топтар арасында ауысу ережелерін баптаңыз және қонақтарды клиенттер тізіміне қосыңыз.

Клиенттер тобын жасау

Бонустарды есептеу үшін Клиенттер тобы жасаңыз.

Клиенттер тобын жасау үшін:

  1. Әкімші панелінде Маркетинг → Клиенттер тобы бөлімін ашыңыз.
  2. Қосу батырмасын басыңыз.
  3. Топтың атауын жазыңыз. Мысалы, «5%».
  4. Лоялдылық бағдарламасы өрісінде Бонустық жүйе таңдаңыз.
  5. Бонус мөлшерін жазыңыз: «5%».
  6. Туған күнге бонус өрісінде клиенттің туған күнінде автоматты түрде есептелетін бонус мөлшерін көрсетіңіз.
  7. Қосу батырмасын басыңыз.

бонусная группа клиентов

💡 Әр клиенттер тобына бөлек бонус пайызын баптаңыз.

☝️ Клиенттер тобын жойсаңыз, осы топтағы клиенттердің карточкалары, бонустары мен жеңілдіктері себетке ауысады.

 

Бонустық топтар арасында ауысу ережелері

Клиенттің бонус пайызы өсуі үшін бонустық топтар арасында автоматты ауысуды қосыңыз және сатып алу сомаларын көрсетіңіз.

Клиенттер тобы арасында ауысу ережелерін баптау үшін:

  1. Маркетинг → Лоялдылық бағдарламалары бөлімін ашыңыз.
  2. Бонустық жүйе блогындағы Ең жоғары % тармағында клиент түбіртектің қанша пайызын бонуспен төлей алатынын жазыңыз. Мысалы, түбіртекті толық бонуспен төлеу үшін «100%» көрсетіңіз.
  3. Қош келдіңіз бонусы өрісінде клиент тіркелгенде есептелетін соманы жазыңыз.
  4. Топтар арасында ауысуды қосыңыз.
  5. Ауысу шарттары тармағында тізімнен топты таңдаңыз және сатып алу сомасының шегін жазыңыз. Клиент осы шекке жеткенде, оған бонус жоғары пайызбен есептеледі.
  6. Әрі қарай батырмасын басып, сатып алу сомаларын басқа бонустық топтармен дәл солай сәйкестендіріңіз.
  7. Сақтау батырмасын басыңыз.
бонусная программа лояльности

 

Клиенттерді қосу

Қонақ бонустық лоялдылық жүйесіне қатысуы үшін оны клиенттер тізіміне қосыңыз.

Клиентті қосу үшін:

  1. Әкімші панелінде Маркетинг → Клиенттер бөлімін ашыңыз.
  2. Қосу батырмасын басыңыз.
  3. Клиент карточкасын толтырыңыз және оған есептелетін бонус мөлшеріне сай бонустық топты таңдаңыз.
  4. Қосу батырмасын басыңыз.

добавить клиента в админ-панеле

☝️ Клиент карточкасын жойсаңыз, қонақтың деректері мен бонустары себетке ауысады.

 

Егер бонустар сомасын немесе клиент деректерін өзгерту қажет болса:

  1. Әкімшілік тақтасында Маркетинг → Клиенттер қойындысын ашыңыз.
  2. Қажетті клиенттің қарсысындағы Өңд. батырмасын басыңыз.
  3. Шоттағы бонустар блогында қажетті бонустар санын көрсетіңіз.
  4. Сақтау батырмасын басыңыз.


💡 Кассада жаңа клиенттерді қосыңыз. Ол үшін клиенттер тізімі терезесіндегі + белгісін басыңыз, картаны толтырыңыз және Дайын батырмасын басыңыз.
Егер клиент бонустық шотында сатып алулардан пайыздар жинап, оларды есептен шығарғысы келсе, тапсырыс төлемін бонустармен қабылдаңыз.