Қоймадағы қалдықтар туралы ескертулерді қалай қосуға болады
Қалдықтар туралы ескертулерді қосып, ингредиенттер мен тауарларға лимит орнатыңыз. Сонда жеткізілімді уақытында жасай аласыз.
Қоймадағы қалдықтар туралы ескертулерді қосу үшін:
-
Админ-панельде Параметрлер → Жалпы бөлімін ашыңыз.
-
Қалдықтар туралы ескерту өрісінде хаттарды қашан алғыңыз келетінін таңдаңыз:
— Сату кезінде ескерту: ингредиент немесе тауар лимитке жетсе, хат сағатына бір рет келеді;
— Ауысым соңында бір хатпен: хат ауысым жабылғаннан кейін бірден келеді. -
Ескертуге арналған Email өрісіне эл. поштаңызды жазыңыз. Егер хатты бірнеше қызметкер алуы керек болса, олардың да эл. поштасын қосыңыз.
-
Сақтау түймесін басыңыз.

💡 Тауар немесе ингредиент таусылып қалмай тұрып хат алу үшін, қалдық лимитін 0-ден жоғары етіп орнатыңыз және Сату кезінде ескерту параметрін таңдаңыз. Сонда қойманы уақытында толықтыра аласыз.
Қоймадағы қалдық лимитін орнату үшін:
-
Админ-панельде Қойма → Қалдықтар бөлімін ашыңыз.
-
Қажетті ингредиентті немесе тауарды табыңыз.
-
Лимит бағанында қоймада қалуы тиіс ең аз мөлшерді көрсетіңіз. Тауар немесе ингредиент осы лимитке жеткенде, эл. поштаға жеткізілім туралы ескерту келеді.

💡 Poster қалдықтар туралы деректерді түбіртек жабылғаннан кейін жаңартады.
☝️ Егер қойманы жойсаңыз, ондағы өнім қалдықтары себетке ауысады.
Қоймадағы тауар қалдықтарын тексеру үшін түгендеу жүргізіңіз.