Жартылай түгендеу жүргізу
Бірнеше ингредиент, тауар немесе тамақтың қалдығын тексеру үшін жартылай түгендеу жүргізіңіз.
Poster-де түгендеу қоймадағы барлық позициялар бойынша бір мезгілде жүргізіледі. Егер тек белгілі бірнеше позицияның қалдығын тексеру қажет болса — жартылай түгендеу жүргізіңіз.
Түгендеу Mini, Business және Pro тарифтерінде қолжетімді.
Жартылай түгендеу жүргізу үшін:
-
Əкімші панеліндегі Қойма → Түгендеу қойындысын ашыңыз.
-
Қосу түймесін басыңыз.
-
Түгендеу жүргізгіңіз келетін қойманы таңдаңыз.
-
Қалдықтарды қашан тексеретіңізді таңдаңыз: — Кері күнімен — нақты қалдықтарды есептеген күні мен уақытын көрсетіңіз; — Жүргізу уақытымен — қалдықтарды қазір есептейтін болсаңыз.
-
Түгендеу түрі ретінде Жартылай таңдаңыз — белгілі өнімдер немесе санаттар бойынша қалдықтарды есептеу үшін.
-
Жылдам іздеуде санаттар немесе өнімдердің атауларын жазып, құсбелгімен белгілеңіз.
-
Сақтау түймесін басыңыз.
-
Нақты қалдық бағанын толтырыңыз. Қоймадағы тауарлар мен ингредиенттердің санын жазыңыз — Poster ақшалай және сандық айырмашылықты автоматты түрде есептейді.
☝️ Басталу қалдығы бағанында алдыңғы түгендеу нәтижесіндегі қалдықтар көрсетіледі. Сондықтан түсімдер мен шығыстар әрбір өнім бойынша соңғы түгендеуден бері есептеледі.
-
Түгендеуді жүргізу түймесін басыңыз.
Тауарлар мен ингредиенттердің қалдықтары сіз көрсеткен нақты мәндерге ауысады.
☝️ Егер өнімдердің қозғалысы болмаса немесе тексергіңіз келген санаттар мен өнімдер жойылған болса, ингредиенттер мен тауарлар түгендеуде көрсетілмейді.
Олар пайда болуы үшін: жеткізілімдер жасаңыз, түгендеу уақытын өзгертіңіз немесе тексеруге басқа өнімдерді таңдаңыз.
💡 Өндірісті пайдаланатын болсаңыз, жоспарланған қалдық бағанындағы мәндерді көшіріп, Өндіріс қойындысындағы Нақты қалдық бағанын толтырыңыз.
Түгендеуді өңдеу
Қойма қалдықтарын тексеру кезінде қателессеңіз — түгендеуді өңдеңіз. Ол үшін Қойма → Түгендеу қойындысында жүргізілген жартылай түгендеудің жанындағы Қарау түймесін, ал ішінде — Өңдеу түймесін басыңыз. Нақты қалдықтарды жаңартып, түгендеуді жүргізіңіз.
☝️ Бір қойма бойынша өңдеуде бір ғана түгендеу болуы мүмкін.
Түгендеуді жою
🗑 Тек соңғы түгендеуді жою мүмкін. Ол үшін:
- Қойма → Түгендеу қойындысын ашыңыз.
- Қойма бойынша соңғы түгендеудің қарсысындағы ··· белгішесін басып, Жою таңдаңыз.
☝️ Түгендеулерді өңдеу мен жоюға тек əкімші панеліне толық қолжетімділігі бар қызметкерлер ие.
Қоймада түгендеу жүргізу үшін түгендеу парағын басып шығарыңыз немесе планшет не смартфондағы қосымшада толтырыңыз.