Фискалдық қайтарымды қалай жасауға және түбіртекті қалай жоюға болады
Фискалдық түбіртек бойынша қайтарым жасап, кейін оны Poster жүйесінен жойыңыз.
Егер сатылымдарды Webkassa арқылы фискалдандырсаңыз, фискалдық түбіртек бойынша қайтарым жасап, кейін оны Poster жүйесінен жойыңыз. Сонда X-есепте түсім ақша жәшігіндегі және қаржылық шоттағы сомаға сай болады.
☝️ Фискалдық тауарлары бар түбіртекте төлем тәсілін өзгертуге болмайды.
Егер фискалдық түбіртекті қате өткізсеңіз, қонақ тапсырыстың бір бөлігінен не толық тапсырыстан бас тартса — фискалдық қайтарым жасаңыз. Бұл X-есептегі түсімді және фискалдық деректерді түзетуге көмектеседі.
Тауарлар қайтадан коймаға түсуі және қаржылық көрсеткіштерге әсер етпеуі үшін, қайтарымнан кейін түбіртекті Әкімші панелінде жойыңыз.
Фискалдық қайтарым жасау және түбіртекті жою
- Кассада сол жақ жоғарғы бұрыштан Түбіртектер мұрағаты бөлімін ашыңыз.
- Қажетті түбіртекті таңдаңыз да, Қайтару түймесін басыңыз.
- Әкімшінің құпиясөзін енгізіңіз.
💡 Әкімшінің құпиясөзін ұмытып қалсаңыз, оны Әкімші панелі → Парламетрлер → Қауіпсіздік бөлімінен тексеріңіз немесе өзгертіңіз. - Егер қонақ тапсырысты:
қолма-қол төлесе — қайтарым түбіртегі басылып шыққанша күтіңіз;
карта арқылы төлесе — қонақтан картаны төлем терминалы арқылы қайта өткізуін сұраңыз. Банк терминалында және термопринтерде қайтарым түбіртектері басылып шығады. Содан кейін Дайын түймесін басыңыз. - Әкімші панелі → Статистика → Түбіртектер бөліміне өтіңіз.
- Қажетті түбіртекті тауып, • • • мәзірін ашыңыз да, Жою пәрменін таңдаңыз.

💡 Жойылған чек статистикада қалады және қызыл түспен белгіленеді. Ол түсім есебіне қосылмайды, ал сатылған тауарлар мен ингредиенттер қоймаға қайтарылады.
☝️ Кассадағы Қайтару батырмасы тек фискализациядан өткен чектер үшін қолжетімді. Егер фискализацияны пайдаланбасаңыз, чекті қайтару мүмкін емес.
Егер чек қате соғылса, оны әкімші панелінде жойыңыз.
Әкімші панелінде фискалдық чектердің қайтарымдарын қайдан көруге болады
Фискалдық қайтарымдарды әкімші панеліндегі Статистика → Чектер бөлімінен тексеріңіз.
Фискалдық қайтарымы бар чекті табу үшін:
- Әкімші панелінде Статистика → Чектер бөлімін ашыңыз.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы күнтізбені басып, қажетті кезеңді таңдаңыз.
- + Сүзгі батырмасын басып, Фискализация сүзгісін таңдаңыз.
- Чекте фискалдық тауарлар бар, фискалдық чек қайтарымы басып шығарылған нұсқасын таңдаңыз.
Статистикадағы чектердің жалпы тізімінде фискалдық қайтарым рәсімделген чектер сары индикатормен белгіленеді.
Фискалдық салықтары бар тауарлардың сатылымынан түсетін пайданы бақылау үшін тауарлар бойынша статистиканы қараңыз.