Айсоңы қалдықтар есебін жүргізу
Қойма қалдықтарын есептеу және түгендеу нәтижесін талдау кезінде ескеру керек негізгі тармақтарды жинақтадық.
Айлық түгендеу қалдықтарды салыстыруға, қателерді анықтауға және қойма тәртібін орнатуға көмектеседі.
😎 Дайындалыңыз
Қалдықтарды есептеуді бастамас бұрын жүйеде барлық деректер бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін:
- Барлық түбіртектерді жабыңыз — сату кейінгі барлық есептен шығарулар түгендеуде пайда болсын. 💡 Poster кассасында түбіртекті жабу үшін Төлеу түймесін басыңыз, төлем əдісін таңдаңыз және қонаққа есеп беріңіз. Осыдан кейін Статистика → Түбіртектер қойындысында түбіртек мәртебесі Жабылған болып өзгереді.
- Жүйеге барлық жеткізілімдер, есептен шығарулар, орын ауыстырулар мен өндірістердің енгізілгенін тексеріңіз. Бірдеңе жетіспесе, жалғастырмай тұрып əкімші панелінде қосыңыз.
👁 Түгендеу жүргізіңіз
Қалдықтарды есептеуге кіріңіз.
- Қойма қалдықтарын бір уақытта есептесеңіз — толық түгендеу жүргізіңіз.
- Уақыт шектеулі болса және қалдықтарды бөліктеп есептегіңіз келсе — жартылай түгендеу жасаңыз. Мысалы, «Көкөністер» санатындағы барлық ингредиенттерді немесе «Суық сусындар» санатындағы барлық тауарларды есептеңіз.
💡 Ингредиенттерді əлі санаттарға бөлмеген болсаңыз, келесі айда бөлуді ұсынамыз. Бұл жартылай түгендеуді айтарлықтай жеңілдетеді.
Тексеру үшін ыңғайлы уақытты таңдаңыз:
- Қалдықтарды алдын ала есептеген болсаңыз — есептеген күн мен уақытты таңдаңыз.
- Əлі есептемеген болсаңыз — нәтижелерді жүргізу уақытымен сақтауды таңдаңыз.
📋 Қойма қалдықтарын ыңғайлы тексеру үшін түгендеу парағын басып шығарыңыз немесе планшет не смартфондағы қосымшада толтырыңыз.
☝ Бірнеше қойма болса, əрбір қойма бойынша түгендеуді бөлек жүргізіңіз.
🕵🏻♀️ Түгендеу нәтижесі дегеніміз не
Түгендеу нәтижесі — саны мен ақша бойынша нақты және жоспарланған қалдықтардың айырмасы.
- Жоспарланған қалдық — Poster-ге енгізілген барлық сатулар, өндірістер, орын ауыстырулар мен есептен шығаруларды ескергендегі қоймада болуы тиіс тауарлар мен ингредиенттердің саны.
- Нақты қалдық — түгендеу сәтінде қоймада көрінген және есептелген тауарлар мен ингредиенттердің саны.
Қойма қалдықтарының жоспарланған және нақты мәндері арасындағы айырманың себебін табу үшін түгендеу кезеңіндегі тауарлар мен ингредиенттердің қозғалысын қарап шығыңыз.
Мысалы: түгендеудің жоспарланған қалдығы — 20 л сүт. Есептеу кезінде қоймада 2 л-ден 9 жабық пакет және 1,85 л ашық пакет табылды. Нақты қалдық: 9 × 2 + 1,85 = 19,85 л Түгендеу нәтижесі: 19,85 − 20 = −0,15 л
💡 Түгендеуде шағын айырма қалыпты — ең жиі кездесетін себеп адам факторы. Мысалы, аспаз тұрақты қонаққа макаронға тех. карта бойынша емес, жүрегінен пармезан салды 🤌🏻
Түгендеу нәтижесінде айтарлықтай плюс немесе минус болса, себебін егжей-тегжейлі тексеру керек.
🔎 Түгендеу нәтижесін талдау
Түгендеу нәтижесін талдаңыз және айырманың себептерін табыңыз.
- Айырма үлкен позицияларды бөліп алыңыз.
- Бұл данамен сатылатын тауарлар болса — мысалы, «Моршинська» су бөтелкесі немесе балмұздақ қорабы — жеткізілімдерді тексеріңіз. Қателер жоқ болса, жетіспеушіліктің бірнеше себебі болуы мүмкін: ұрлық, мерзімі өткен тауарды есептен шығаруды ұмыту, сату кезіндегі назарсыздық немесе пересортица.
- Бұл дайындауда пайдаланатын ингредиенттер болса, Жартылай фабрикаттар мен Тех. карталарды тексеру керек. Қателер жоқ болса, аспаздардың рецептураны қаншалықты дәл сақтайтынын тексеріңіз. Онда да бәрі дұрыс болса — ұрлық немесе уақытылы есептен шығармау ғана қалуы мүмкін
🤫 Қателерді жою
Бұрын есепті дұрыс жүргізбеген болсаңыз, қате өзіндік құндарды ескермеңіз. Ол үшін түгендеу жүргізу кезінде ингредиенттер мен тауарлардың өзіндік құнын нөлдеңіз. Осыдан кейін өзіндік құн алдыңғы жеткізілімдердің мәндерімен орташаланбайды.
Одан кейін қойма тауарлары мен ингредиенттерінің өзекті қалдықтарын енгізу үшін Қойма → Жеткізілімдер қойындысында жеткізілімдер қосыңыз. Жеткізілімдегі өнімдер бұрын төленген болса, Төлем өрісінде шот таңдамаңыз.
💪 Есепті нөлден бастап жүргізгіңіз келсе және қоймадағы алдыңғы мәндерді ескермегіңіз келсе — чатқа жазыңыз, қолдау тобымыз сізге көмектеседі.
Тұрақты түгендеулер айырмашылықтарды уақытылы анықтауға және қойма жұмысын оңтайландыруға көмектеседі. Түгендеудің мерзімдері мен ережелері туралы блогымыздағы мақаламен де танысуды ұсынамыз.