Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Кассада сатылымдар туралы есепті қалай құрастыруға болады

Тауар сатылымын бақылау үшін кассада сағаттық есеп құрастырып, қарап отырыңыз.

Тауар сатылымын бақылау үшін кассада сағаттық есеп құрастырып, қарап отырыңыз.Бұл есеп — сатылған тағамдардың саны мен құны көрсетілетін кесте. Есепте жеңілдіктер мен төлем әдістері де ескеріледі.

Кассада сатылымдар туралы есепті құрастыру үшін:

  1. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы батырмасын басып, Қаржылық есепті құру тармағын таңдаңыз.
  2. Есеп кезеңінің басталу және аяқталу күні мен уақытын көрсетіңіз.
  3. Кассир өрісінде ашылмалы тізімнен мыналардың бірін таңдаңыз:
    • Барлық кассирлер — таңдалған кезеңдегі барлық қызметкерлердің сатылымын көру үшін;
    • Кызметкердің аты — бір даяшының сатылымы бойынша есеп құрастыру үшін.
  4. Есепте даяшылар сатқан тауарлардың атауын, санын және құнын көру үшін ТӨнім бойынша сату  ауыстырғышын қосыңыз.
  5. Есеп құрастыру батырмасын басыңыз.
  6. Есепті чек принтерінен басып шығару үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы Басып шығару батырмасын басыңыз.

создать отчет на кассе

☝️ Ауысым соңында кассада қанша ақша болуы керек екенін есептен көру үшін, есепті құрастырғанда күнтізбелік күндерді емес, кассалық ауысымдардың күні мен уақытын таңдаңыз.

💡 Егер депозиттерді қолдансаңыз, кассадағы есептен клиенттер депозит шоттарын қандай сомаға толықтырғанын тексеріңіз.

 

💡 Сатылымдар туралы есепті тек әкімші ғана құрастыра алсын десеңіз, әкімші панелінде әкімші құпиясөзін сұрау талабын қосыңыз.

Ол үшін Параметрлер → Қауіпсіздік бөліміне өтіп, Сату есебін жасау кезінде параметрінде Әрқашан мәнін таңдаңыз да, өзгерістерді сақтаңыз.


Клиенттер арасында қандай тауарлар мен тех. карталар сұранысқа ие емес екенін және мекемеге түсімнің 5%-ына дейін ғана әкелетінін білу үшін Postie AI-мен есептер конструкторын пайдаланыңыз.