Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Роутердің веб-интерфейсіне кіру

Жергілікті желінің IP-мекенжайын өзгерту, DHCP-сервердің мекенжайлар диапазонын тексеру немесе өзгерту, мекемеде əртүрлі Wi‑Fi желілерін баптау үшін роутердің веб-интерфейсіне кіріңіз.

Роутердің веб-интерфейсіне кіру үшін:

  1. Роутерді 220 В желісіне қосып, қуат түймесімен іске қосыңыз.
  2. Планшет немесе компьютерді роутердің Wi‑Fi желісіне қосыңыз.
  3. Жергілікті IP-мекенжайды қараңыз.
  4. Google Chrome немесе Safari браузерін ашыңыз.
  5. Мекенжай жолына жергілікті IP-мекенжайды жазып, Enter басыңыз.
  6. Ашылған терезеде логин — admin және пароль — admin енгізіңіз.
  7. Войти түймесін басыңыз.

 

☝️ Веб-интерфейске кіру логині мен паролі роутер үлгісіне және оның баптауларына байланысты өзгеруі мүмкін. Мүмкін, өндіруші, сатушы, Сіз немесе жүйелік əкімші роутер веб-интерфейсінің логині мен паролін əлдеқашан өзгерткен шығар. Деректерді есіңізде сақтамаған немесе білмесеңіз, роутер баптауларын зауыттық параметрлерге қайтарыңыз.

 

☝️ Мекемеде көп деңгейлі жергілікті желі баптаулы болса және роутер басқа IP-мекенжайдан қолжетімді болса, роутер баптауларына кіру мүмкін болмайды. Веб-интерфейске кіруге көмек алу үшін жүйелік əкімшіге жүгініңіз.