Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Зал картасында үстелдерді орналастыру

Даяшылар кассамен жылдамырақ жұмыс істеп, сатылымдарды тезірек рәсімдеуі үшін зал картасындағы үстелдердің орналасуын өзгертіңіз.


Үстелдерді орналастыру

  1. Әкімші панелінде Параметрлер → Үстелдер қойындысын ашыңыз.
  2. Зал картасына үстел қосу үшін Үстел қосу түймесін басыңыз.
  3. Үстелді таңдап, керек жерге жылжытыңыз.
  4. Үстелдің пішінін шаршыдан дөңгелекке өзгерту үшін оны екі рет басыңыз
  5. Үстелдің өлшемін өзгерту үшін төменгі оң жақ бұрышын басып тұрып, тартыңыз.
  6. Үстелді жою үшін тінтуір курсорын үстелге апарып, жоғарғы оң жақ бұрышындағы × белгісін басыңыз.
  7. Сақтау түймесін басыңыз.

настроить зал


💡 Даяшылар қонақтарға жылдамырақ қызмет көрсетіп, тапсырысты қайда апару керегін білуі үшін үстелдің нөмірін немесе атауын өзгертіңіз.

Ол үшін үстел нөмірін басыңыз. Ашылған өріске «Бар» немесе «Ала кету» деп жазып, Enter пернесін басыңыз.

 

Бірнеше залы немесе жазғы террасасы бар кафемен жұмыс істеу үшін зал картасын қосыңыз.