Poster-де транзакцияны қалай жоюға болады
Транзакцияны қателесіп жасап қойсаңыз немесе ол қаржылық есеп үшін енді керек болмаса, жойыңыз.
Poster әкімші панелінде транзакцияны екі бөлімде жоюға болады: Қаржы → Транзакциялар немесе Қаржы → Кассалық ауысымдар.
Егер транзакция кассада жасалса немесе бірден кассалық ауысымға қосылса, оны Қаржы → Кассалық ауысымдар бөлімінде жойыңыз. Ол үшін:
-
Әкімші панелінде Қаржы → Кассалық ауысымдар бөліміне өтіңіз.
-
Транзакцияны жою керек ауысымды ашыңыз.
-
Керек транзакцияның тұсындағы «✕» белгісін басыңыз.
-
Жоюды растаңыз.

Жойылған транзакция енді балансқа әсер етпейді, бірақ ауысымда үстінен сызылған күйде және оны кім жойғаны көрсетіліп тұрады. Бұл кассалық ауысымдағы әрекеттер тарихын көруге ыңғайлы.
❗Егер транзакция фискалданған болса, оны әкімші панелінде жою фискалдық есептерден өшірмейді. Транзакцияның фискалданғанын тексеру үшін кассада X-есепті басып шығарыңыз.
Егер транзакция кассалық ауысымнан тыс жасалса, оны Қаржы → Транзакциялар бөлімінде жойыңыз. Ол үшін:
-
Әкімші панелінде Қаржы → Транзакциялар бөліміне өтіңіз.
-
Керек транзакцияның тұсындағы ··· батырмасын басып, Жою пәрменін таңдаңыз.
-
Жоюды растаңыз.
-
Әкімші панеліндегі транзакцияны қалай жоюға болады

☝️ Жойылған транзакцияны қалпына келтіру мүмкін емес. Егер оны қателесіп жойсаңыз — жаңасын жасаңыз.
🧾 Егер сізге фискалдық транзакция керек болса, оны касса қосымшасында жасаңыз.
Егер транзакция көп болса — Postie AI қолданыңыз. Бұл жасанды интеллектке негізделген қосымша. Ол банк үзінділерін жылдам импорттауға және транзакцияларды қолмен қоспауға көмектеседі.
Транзакцияларды үнемі тексеріп, қаржыны бақылауда ұстаңыз, сонда есеп әрқашан дұрыс болады.