Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Жеңілдік жүйесін қалай баптау керек

Клиенттер сатып алу сомасына қарай жеңілдік алуы үшін Жеңілдік жүйесін баптаңыз.

Ол үшін Клиенттер тобы жасаңыз, жеңілдік топтары арасында ауысу ережелерін баптаңыз және қонақтарды клиенттер тізіміне қосыңыз.


Клиенттер тобын жасау

Жеңілдіктерді есепке алу үшін Клиенттер тобы жасаңыз.

Клиенттер тобын жасау үшін:

  1. Әкімші панелінде Маркетинг → Клиенттер тобы бөлімін ашыңыз.
  2. Қосу батырмасын басыңыз.
  3. Клиенттер тобының атауын жазыңыз.
  4. Лоялдылық бағдарламасы өрісінде Жеңілдік жүйесі таңдаңыз.
  5. Жеңілдік мөлшерін жазыңыз. Мысалы, «5%».
  6. Қосу батырмасын басыңыз.

создать скидочную группу

💡 Әр Клиенттер тобы үшін бөлек жеңілдік пайызын баптаңыз.

☝️ Клиенттер тобын жойсаңыз, осы топтағы клиенттердің карточкалары, бонустары мен жеңілдіктері себетке ауысады.


Жеңілдік топтары арасында ауысу ережелері

Жеңілдік пайызы автоматты түрде өсуі үшін клиенттердің жеңілдік топтары арасында ауысуын қосыңыз.

Клиенттер тобы арасында ауысу ережелерін баптау үшін:

  1. Маркетинг → Лоялдылық бағдарламалары бөлімін ашыңыз.
  2. Жеңілдік жүйесі блогында Топтар арасында ауысу параметрін қосыңыз.
  3. Ауысу шарттары тармағында тізімнен топты таңдаңыз және сатып алу сомасының шегін жазыңыз. Клиент осы сомаға жеткенде, жеңілдік пайызы жоғары топқа ауысады.
  4. Әрі қарай батырмасын басып, сатып алу сомаларын жеңілдік топтарымен дәл осылай сәйкестендіріңіз.
  5. Сақтау батырмасын басыңыз.

скидочная программа лояльности

☝️ Клиент жаңа топқа ауысқаннан кейін жеңілдік пайызы келесі сатып алудан бастап өседі.


Клиенттерді қосу

Қонақ Жеңілдік жүйесіне қатысып, сатып алу сомасына қарай жеңілдік алуы үшін оны клиенттер тізіміне қосыңыз.

Клиентті қосу үшін:

  1. Әкімші панелінде Маркетинг → Клиенттер бөлімін ашыңыз.
  2. Қосу батырмасын басыңыз.
  3. Клиент карточкасын толтырыңыз және жеңілдік мөлшеріне сәйкес Клиенттер тобын таңдаңыз.
  4. Қосу батырмасын басыңыз.

клиент скидочной группы

☝️ Клиент карточкасын жойсаңыз, клиент деректері мен бонустары себетке ауысады.

💡 Жаңа клиенттерді кассада да қосуға болады. Ол үшін клиенттер тізімі бар терезеде + белгішесін басыңыз, карточканы толтырыңыз және Дайын батырмасын басыңыз.

 

Тауарларға жеңілдіктер қолданылмауы үшін оларды ерекшеліктерге қосыңыз.