Түбіртекті төлемсіз жабу
Қызметкер қателесіп кеткенде немесе қонақты мекеме есебінен күткенде, түбіртекті төлемсіз жабыңыз.
Түбіртекті төлемсіз жабу үшін:
- Кассадағы ашық тапсырыста Төлеу түймесін басыңыз.
- Төлем терезесінде Төлемсіз жабу тармағын таңдап, себебін көрсетіңіз: қонақ кетіп қалды; мекеме есебінен; даяшының қатесі.
- Төлемсіз жабу түймесін басыңыз.

💡 Түбіртекті төлемсіз тек басшы жаба алуы үшін, Әкімші панелінде әкімші құпиясөзін сұрау талабын қосыңыз.
Ол үшін Параметрлер → Қауіпсіздік бөліміне өтіп, Түбіртек жабылғанда параметрінде Төлемсіз тармағын таңдаңыз да, өзгерістерді сақтаңыз.

💡 Кассада түбіртекті жапқанда, тауарлар мен ингредиенттер төлем тәсіліне қарамастан қоймадан автоматты түрде есептен шығарылады.
Егер тапсырыс түсімге қосылмасын және есептен шығарылған позициялар қоймаға қайтсын десеңіз, қате түбіртектерді жойыңыз.