Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Ингредиентті қалай қосуға болады

Ингредиенттер — мекемеде тағам мен сусын дайындауға қолданылатын өнімдер. Мысалы, бәлішке арналған ұн немесе лимонадқа арналған жалбыз.

Ингредиенттер — мекемеде тағам мен сусын дайындауға қолданылатын өнімдер. Мысалы, бәлішке арналған ұн немесе лимонадқа арналған жалбыз.


Ингредиент қосу үшін:

  1. Әкімші панелі ішінде Мәзір → Ингредиент бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу батырмасын басыңыз.
  3. Ингредиенттің атауын жазыңыз. Сосын санатын және өлшем бірлігін таңдаңыз.
  4. Қосымша бөлімін ашып, өңдеу кезіндегі шығын пайызын көрсетіңіз: тазалау, қайнату, қуыру, бұқтыру немесе пеште пісіру.
  5. Сақтау батырмасын басыңыз.

Ингредиенттер


💡 Егер ингредиентті алдын ала сатып алған болсаңыз, Қойма есебі блогын толтырыңыз. Санын, бірлік бағасын және қойманы көрсетіңіз. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде жеткізілім жасайды, ал Poster ингредиенттің өзіндік құнын есептейді.

Жаңа ингредиенттері бар жеткізілімді тексеру немесе өңдеу үшін Қойма → Жеткізілімдер бөліміне өтіңіз.


💡 Егер тех. карта немесе жартылай фабрикат ішінде салмақтық тауар қолданылса, қажет нетто салмағын және өңдеу әдісін көрсетіңіз. Белгіленген шығын пайызына қарай жүйе брутто салмағын есептеп, өнім шығынын анықтайды.

☝️ Егер ингредиентті дайындау кезіндегі шығын пайызын өзгертсеңіз, ол қолданылатын Тех. карта мен Жартылай фабрикаттардағы брутто салмағы да өзгереді.



Бір ингредиентті бірнеше тех. картада қолдану үшін, оларды жартылай фабрикатқа біріктіріңіз.