Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Дайын өнімнің өзекті қалдықтарын көру үшін «Өндірісті» қалай баптауға болады

Бұл мақалада Өндіріспен жұмыс істегенде назар аударатын негізгі жайттарды жинадық.

📆 Тағамның алғашқы өндірісін ағымдағы күнмен жасаңыз. Себебі сату кезінде бұрын есептен шығарылған ингредиенттерді өткен күнмен өндірілетін тағамға айналдыру мүмкін емес. Кейінгі өндірістерді өткен күнмен жасауға болады. Мысалы, қоймадағы теріс қалдықты жабу үшін.

как создать производство

🥫→ 🍝 Тех. карта немесе жартылай фабрикат бойынша алғашқы өндірістен кейін қоймадан әрдайым дайын тағамдар есептен шығарылады, ингредиенттер емес.

Өндірілген тех. карталарды данамен, ал жартылай фабрикаттарды килограммен тексеріңіз.

 

Сондай-ақ өндірілген тағамдар мен дайындамаларды жеткізілім арқылы қосыңыз немесе оларды қоймалар арасында ауыстырыңыз.

остатки производства

Егер Қойма → Қалдықтар бөлімінде өндірілетін позиция минусқа кетсе, бұл сіз өндіргеннен көп сатқанды білдіреді. Қоймада теріс қалдық болмауы үшін осы тех. карта немесе жартылай фабрикат бойынша өндірісті Қойма → Өндіріс бөлімінде қайта қосыңыз.

Егер түгендеу кезінде қоймада өндірілетін тех. карталар немесе жартылай фабрикаттар қалдығы болса, Өндіріс бөліміндегі Нақты қалдық бағанын толтырыңыз.

Знімок екрана 2026-07-22 о 22.10.35

Өндірістің өзіндік құны

☝️ Өндіруді жоспарлаған тех. карталар мен жартылай фабрикаттардың барлық ингредиенті бойынша жеткізілім жасаңыз. Бұл олардың өзіндік құнын дәлірек есептеуге көмектеседі.

Өндірілетін тех. карталар мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құны өндіріс сәтіндегі қоймадағы ингредиенттер құнынан құралады.

🧮 Жаңа партия өндірілгенде өзіндік құн орташа өлшенген әдіспен есептеледі:

Қоймадағы өнімдердің жалпы құны / Қоймадағы өнім саны

Өндірілетін тех. картада немесе жартылай фабрикатта әрдайым екі өзіндік құн болады: ағымдағы өзіндік құн және өндірістің өзіндік құны.

Тех. карталар мен жартылай фабрикаттардың жалпы тізімінде өндірістің өзіндік құны көрсетіледі.

Ал тех. карта немесе жартылай фабрикат карточкасының ішінде ағымдағы өзіндік құн көрсетіледі.


Егер бұл екі өзіндік құн арасында сіздің мекеме үшін елеулі айырма болса, қоймадағы дайын тағамдар мен жартылай фабрикаттар қалдығын тексеріңіз. Ол үшін түгендеу жүргізіңіз.



Түгендеу қателерді табуға және мекеме жұмысын реттеуге көмектеседі. Деректер әрдайым өзекті болуы үшін қалдықтар есебін үнемі тексеріп отырыңыз.