Штрихкод сканерімен түгендеу жүргізу
Штрихкод сканерімен түгендеуді тезірек жүргізіңіз. Жүйе тауарды тізімнен автоматты түрде тауып, нақты қалдықты жаңартады.
Poster əкімші панелінде түгендеу кезінде штрихкод сканерін пайдаланыңыз. Кестеде қажетті позицияны бірден табу үшін тауар немесе ингредиенттің штрихкодын сканерлеңіз.
Позицияларды сканерлеуге дайындаңыз
Түгендеуді бастамас бұрын тауарлар мен ингредиенттердің карточкаларына штрихкодтарды қосыңыз. Ол үшін:
-
Əкімші панеліндегі Мəзір → Тауарлар / Тех. карталар бөлімін ашыңыз.
-
Жаңа тауар немесе ингредиент қосыңыз. Немесе бұрын жасалған позицияның жанындағы Өңд. түймесін басыңыз.
-
Штрихкод өрісіне тауардың 13 таңбалы кодын енгізіңіз.
💡 Штрихкод өрісі ингредиент карточкасында пайда болуы үшін Қосымша түймесін басыңыз.
-
Параметрлерді сақтаңыз.
Түгендеу кезінде тауарларды сканерлеу
- Қойма → Түгендеулер бөліміне өтіңіз.
- Толық немесе жартылай түгендеуді ашыңыз.
- Сканерді құрылғыға қосыңыз.
- Тауар немесе дана ингредиенттің штрихкодын сканерлеңіз.
Сканерлегеннен кейін бағдарлама түгендеу тізімінен позицияны автоматты түрде тауып, Нақты қалдық өрісіне +1 қосады. Кейінгі әрбір сканерлеу тағы +1 бірлік қосады.
💡 Өнімнің өлшем бірлігі кг болса, тауар кестеде пайда болады, ал Нақты қалдық өрісі салмақты қолмен енгізу үшін автоматты түрде белгіленеді.
Сканерлеу тек бірде-бір енгізу өрісі белсенді болмаған кезде жұмыс істейді. Курсор Жылдам іздеу немесе Нақты қалдық өрісінде тұрса, сканерленген штрихкод сол өріске автоматты түрде жазылады.
☝️ Сканерлегеннен кейін жүйе тауарды таппаса, қате туралы хабарлама шығады. Тауардың ағымдағы түгендеуге қосылғанын және тауар немесе ингредиент карточкасындағы штрихкодтың дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.
Қойманы тиімдірек басқару үшін Postie AI қосыңыз — жүкқұжаттардың суреттерін жүктеп, жеткізілімдерді жүйеге жылдам қосыңыз.