Xprinter Q260III принтері Ethernet арқылы Poster-ге қосылмаса, не істеу керек
Принтерді роутерге қосып, Poster-де құрылғыны іздеңіз. Егер принтер табылмаса, оны Windows немесе macOS орнатылған ноутбук арқылы баптаңыз.
☝️ Төмендегі нұсқаулыққа өтпес бұрын принтерді роутерге қосып, Poster-де іздеу жасаңыз.
Егер принтер автоматты түрде қосылмаса, оны Windows немесе macOS орнатылған ноутбук арқылы баптаңыз. Ноутбук принтердің IP-мекенжайын өзгерту үшін қажет.
Windows арқылы Ethernet бойынша баптау
- Селфтест жасап, принтердің IP-мекенжайын қараңыз.
- Компьютерде Желілік қосылымдар бөлімін ашыңыз.

- Принтерді LAN-кабель арқылы компьютерге қосыңыз. Желілік қосылымдарда Белгісіз желі деген жазу пайда болады.

-
Realtek PCIe жазуы бар қосылымды таңдап, Қасиеттерін ашыңыз.
☝️ Егер құрылғының жанында қызыл айқыш тұрса, принтер компьютерге LAN-кабель арқылы қосылғанын тексеріңіз.

- IP нұсқасы 4 (TCP/IPv4) тармағын таңдап, Қасиеттерін ашыңыз.
-
Келесі IP-мекенжайды пайдалану тармағын таңдап, селфтестегі IP-мекенжайды көрсетіңіз.
Мысалы, принтердің IP-мекенжайы 192.168.123.100 болса:
- IP-мекенжай: 192.168.123.101;
- ішкі желі маскасы: 255.255.255.0;
- негізгі шлюз: 192.168.123.1.
☝️ Егер бұрын басқа желі деректері көрсетілген болса, скриншот жасаңыз. Принтерді баптағаннан кейін сол деректерді қайта енгізесіз.

- Браузерді ашып, мекенжай жолына принтердің IP-мекенжайын енгізіңіз де, Enter пернесін басыңыз.
- Configuration қойындысын ашып, DHCP Client жанына белгі қойыңыз да, Save түймесін басыңыз.

- Restart түймесін басыңыз. Принтер жергілікті желіде жаңа IP-мекенжай алады.

- IP нұсқасы 4 (TCP/IPv4) қасиеттерінде IP-мекенжайды автоматты түрде алу тармағын қайта таңдаңыз. Немесе бастапқыда көрсетілген деректерді қайтарыңыз.
- Принтерді компьютерден ажыратып, роутерге қосыңыз.
- Принтерді қайта іске қосып, Poster кассасында құрылғыларды іздеңіз.
MacBook арқылы Ethernet бойынша баптау
- Принтерді LAN-кабель арқылы роутерге қосыңыз.
- Селфтест жасап, принтердің IP-мекенжайын қараңыз.
- MacBook-ты принтер қосылған роутердің Wi-Fi желісіне қосыңыз.
- Ноутбукте Wi-Fi белгісін басып, Желі баптауларын ашу тармағын таңдаңыз.

- Желі бөлімінде + түймесін басып, Wi-Fi интерфейсін таңдаңыз. Жасау түймесін басыңыз.

- Жасалған желіні тізімнен таңдап, Қосымша түймесін басыңыз.

- TCP/IP қойындысын ашып, желі параметрлерін көрсетіңіз:
- IPv4 конфигурациясы: Қолмен;
- IPv4 мекенжайы: принтер ішкі желісіндегі IP-мекенжай. Мысалы, селфтесте принтердің IP-мекенжайы 192.168.123.100 болса, 192.168.123 ішкі желісін көрсетіңіз. Нүктеден кейінгі соңғы мән 100-ден басқа болуы керек. 2 мен 250 аралығындағы кез келген санды таңдаңыз;
- ішкі желі маскасы: 255.255.255.0.
- OK түймесін басыңыз.

- Браузерді ашып, мекенжай жолына принтердің IP-мекенжайын енгізіңіз де, Enter пернесін басыңыз.
- Configuration қойындысын ашып, DHCP Client жанына белгі қойыңыз да, Save түймесін басыңыз.

- Restart түймесін басыңыз. Принтер жергілікті желіде жаңа IP-мекенжай алады.

- Принтерді қайта іске қосып, Poster кассасында құрылғыларды іздеңіз.
Роутер арқылы Ethernet бойынша баптау
- Роутердің веб-интерфейсіне кіріп, жергілікті IP-мекенжайды 192.168.123.1 деп өзгертіңіз.

- Браузердің мекенжай жолына принтердің IP-мекенжайын енгізіңіз: 192.168.123.100. Enter пернесін басыңыз.
- Configuration қойындысын ашып, DHCP Client жанына белгі қойыңыз да, Save түймесін басыңыз.

- Restart түймесін басыңыз. Принтер жергілікті желіде жаңа IP-мекенжай алады.

- Принтерді қайта іске қосып, Poster кассасында құрылғыларды іздеңіз.
XP-Test утилитасы арқылы USB бойынша баптау
💡 Егер Xprinter Q260III принтерін Windows ОЖ-де USB арқылы қолданғыңыз келсе, принтерді қосып, Poster-де автоматты баптау аяқталғанын күтіңіз.
Xprinter Q260III принтерін Windows ОЖ-де LAN арқылы жұмыс істеуге баптау үшін:
- Принтерді USB-кабель арқылы Windows ОЖ орнатылған компьютерге қосыңыз.

- XP-Test утилитасын жүктеп алыңыз.
- Архивті ашып, XP-TEST V2.31 бағдарламасын іске қосыңыз.
- Бағдарламаны компьютерге орнатыңыз. Жұмыс үстелінде XP-TEST таңбашасы пайда болады.
- Утилитаны іске қосып, Port Select блогында USB таңдаңыз.
- ETHERNET Settings блогында Printer IP өрісіндегі IP-мекенжайды қараңыз.
- New IP Address өрісіне ұқсас IP-мекенжай енгізіңіз, тек нүктеден кейінгі соңғы санды өзгертіңіз. Мысалы: 192.168.0.17.
- SetIP түймесін басыңыз.

- Принтерді компьютерден ажыратып, LAN-кабель арқылы роутерге қосыңыз.
- Poster кассасында құрылғыларды іздеңіз.