Poster Site деген не
Тапсырыс сайты арқылы қонақтар мәзірді қарай алады, жеткізуге не алып кетуге тапсырыс береді және сайтта картамен төлейді.
💡 Poster Site жазылым моделі бойынша жұмыс істейді. Қосқаннан кейін 15 күндік тегін сынақ мерзімі беріледі. Одан кейін Poster QR қызметін ай сайын Баптаулар → Жазылым төлемі бөлімінде төлейсіз. Бағасы — 11 400 ₸/ай.
Негізгі мүмкіндіктері:
✔️ Оңай баптау
Сайтты жасау және баптау үшін әзірлеуші не бөлек маман керек емес. Poster-дегі мәзір сайтпен бір батырмамен синхрондалады.
Сайтта көрсетілетін тағамдарды таңдаңыз, бағаларын өзгертіңіз және сипаттама қосыңыз.
✔️ Маркетингке арналған мүмкіндіктер
Сайт сіз үшін де сата алады. Тағамдарға әдемі фото қосыңыз, танымал тауарларды ерекшелендіріңіз, қонақтарға арнайы ұсыныстар мен науқандарды көрсетіңіз.
Сайт сілтемесі бар QR-кодтарды баспа материалдарына шығарып, қаптамаға да орналастыра аласыз.
✔️ SEO-оңтайландыру
Жаңа және тұрақты клиенттер сайтыңызды іздеу жүйелерінен оңай табады. Себебі сайт іздеуге алдын ала оңтайландырылған.
✔️ Дизайнды жекелеу
Сайтты мекемеңіздің брендіне сай баптап, оны бірегей етіңіз. Мекеменің логотипін жүктеңіз, сайттың негізгі түстерін таңдаңыз.
Қосымша беттер де жасай аласыз. Мысалы, тапсырысты төлеу және жеткізу шарттары бар беттер.
Poster Site сізге сай келеді, егер клиенттер тапсырысты сайтта рәсімдеп, сол жерде төлесе. Дайын тағамды курьермен жеткізіп берсеңіз немесе алып кету форматында ұсынсаңыз. Сондай-ақ сайт сілтемесін әлеуметтік желілерге және қаптамаға қосуды қаласаңыз.
Клиенттер алып кетуге немесе жеткізуге тапсырыс бере алуы үшін, мекемеңізге арналған сайтты баптаңыз.
