Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Poster-ге жабдықты қалай қосуға болады

Poster-пен жұмыс істеу үшін даяшылардың немесе кассирлердің жұмыс орнын баптаңыз.

Ол үшін сізге мыналар керек:

  • планшет, моноблок немесе телефон — тапсырыстарды қабылдайтын қолданбаны орнату үшін;
  • чектер мен жүгіртпелерді басып шығаратын принтер. Біз жүзден аса құрылғыны тексердік және кейбір модельдердің тұрақты жұмысын ұсынамыз. Оның орнына Android-тегі Kitchen Kit қолданбасын да пайдалануға болады;
  • жабдыққа арналған роутер. Құрылғылар тұрақты жұмыс істеуі үшін бөлек желі баптаған дұрыс;
  • қосымша жабдық: сканер, ақша жәшігі, банк терминалы.

🖥 Планшет

Қызметкерлер жұмыс істейтін құрылғыға Poster орнатыңыз. Осы құрылғыда олар тапсырысқа тауарлар мен тех. карткаларды қосады, қонақтарға жеңілдік жасайды, жүгіртпелерді жібереді және төлем қабылдайды.

📖 Poster кассасымен қалай жұмыс істеу керек


🖨 Жүгіртпелерге арналған принтер

Аспаздарға немесе барменге тапсырыс мәліметін тез жіберу үшін жүгіртпелерді басып шығаруды баптаңыз. Қонақтарға алдын ала чекті беру үшін де принтерді қосыңыз.

Біз тексерген және ұсынатын принтер модельдері:

  • Sam4s Ellix 50DB;
  • Xprinter XP-T890H;
  • орташа жүктемеде — Xprinter Q260III Ethernet.

💡 Poster ESC/POS протоколымен жұмыс істейтін чек принтерлерімен үйлеседі. Қосылу тәсілдері:

  • iOS және Android құрылғыларына Ethernet интерфейсі арқылы LAN-кабельмен;
  • Windows жүйесіндегі компьютерлер мен моноблоктарға Ethernet немесе USB арқылы.

Асүйге электронды жүгіртпе жібергіңіз келсе, Android-тегі Kitchen Kit қолданбасын баптаңыз.


🌐 Желілік жабдық

Желілік жабдықты мекемеңіздің форматы мен көлеміне қарай баптаңыз.

Маршрутизаторды пайдаланып:

  • жергілікті желі орнатыңыз;
  • жабдықты қосыңыз;
  • касса мен админ-панель арасындағы чектерді синхрондаңыз;
  • қонақтарға бөлек Wi-Fi желісін баптаңыз.

Біз алдын ала Poster жабдығымен жұмыс істеуге бейімделген ASUS RT-AX1800U роутерін ұсынамыз. Сонымен қатар мына роутерлерді тексердік және қолдаймыз: TP-LINK Archer AX72; TP-Link Archer AX1800; TP-LINK Archer AX1500; TP-Link Archer AX12; Linksys MR6350.


⚙️ Қосымша жабдық

Жұмысты ыңғайлы ету үшін қосымша жабдықты қосыңыз.

🔎 Штрихкод сканерін қосып, тауарлар мен дисконт карталарына штрихкодтарды қосыңыз. Бұл тауарларды тез тануға, оларды тапсырысқа қосуға, жеткізілімді рәсімдеуге және қонақтарға жеңілдік жасауға көмектеседі.

Біз мына сканер модельдерін ұсынамыз: EZPOS S2; QuickScan QD2430; Netum W8x; Mindeo MS 3390; Motorola CS3070; Netum NT-1203.


💡 Poster мынадай штрихкод сканерлерін қолдайды:

  • iOS және Android құрылғыларына Bluetooth арқылы қосылатын;
  • Android құрылғыларына Mini-USB арқылы OTG-кабельмен қосылатын;
  • Windows жүйесіндегі компьютерлер мен моноблоктарға USB арқылы қосылатын.

💳 Қонақтардан магниттік жолағы, чипі немесе PayPass бар банк карталарымен төлем қабылдау үшін банк терминалын қосыңыз.

Төлем сомасы Poster-пен синхрондалады. Соның арқасында соманы терминалға қолмен енгізгенде қате жібермейсіз.


Жабдықтың жұмысын тексеру

Мекемеде жұмыс істеуге қажет жабдықты орнатқаннан кейін, бәрі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз:

  1. Poster қолданбасында жоғары жақтағы белгісін басыңыз.
  2. Құрылғылар бөлімін таңдаңыз.
  3. Тізімде қосылған жабдықтың бәрі көрінетінін тексеріңіз.

💡 Жабдық қолданбада көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіп, тестілік чектерді басып шығарыңыз.

проверить оборудование

 

💪 Баптау кезінде сұрақ туындаса, чатқа жазыңыз — қолдау тобы көмектеседі.