UniFi кіру нүктесін зауыттық параметрлерге қайтару
Бапталған UniFi кіру нүктесін жаңа контроллерді реттеу үшін пайдаланғыңыз келсе немесе оны ағымдағы контроллерден ажыратқыңыз келсе — зауыттық параметрлерге қайтарыңыз.
UniFi кіру нүктесін зауыттық параметрлерге қайтару үшін:
- UniFi кіру нүктесі контроллерінің веб-интерфейсіне кіріңіз.

- Devices қойындысын ашып, зауыттық параметрлерге қайтарғыңыз келетін кіру нүктесін басыңыз.

- ⚙️ белгісін басып, Manage Device бөлімін ашыңыз.

- Forget this device блогін тауып, Forget түймесін басыңыз.

- Remove түймесін басыңыз.

Кіру нүктесі контроллердің веб-интерфейсінен жоғалады. Бірнеше минут ішінде кіру нүктесі қайта іске қосылып, зауыттық параметрлерді алады. Енді оны жаңа контроллермен баптауға немесе ағымдағы контроллерге қайта байластыруға болады.
☝️ Контроллердің веб-интерфейсіне қол жеткізу мүмкіндігіңіз болмаса, қосулы кіру нүктесінің корпусындағы Reset түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
