Keenetic Extra KN-1711 роутерін зауыттық параметрлерге қайтару
Роутердің веб-интерфейсіне кіру үшін логин мен құпиясөзді ұмытсаңыз, оның параметрлерін зауыттық күйге қайтарыңыз.
Keenetic Extra KN-1711 роутерін зауыттық параметрлерге қайтару үшін:
- Роутерді 220V желісіне қосып, қуат түймесімен іске қосыңыз.
- Планшет немесе компьютерді роутердің Wi-Fi желісіне қосыңыз.
- Жергілікті IP-мекенжайды қараңыз.
- Google Chrome немесе Safari браузерін ашыңыз.
- Мекенжай жолына жергілікті IP-мекенжайды жазып, Enter пернесін басыңыз.
- Ашылған терезеде логин мен құпиясөзді енгізіп, роутердің веб-интерфейсіне кіріңіз.

- Жоғарғы сол жақ бұрыштағы ≡ белгісін басып, Басқару блогінде Жалпы параметрлер таңдаңыз.
- Жүйені қайта іске қосу блогін тауып, Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру түймесін басыңыз.
- Растау терезесінде Параметрлерді жою түймесін басыңыз.

☝️ Роутердің веб-интерфейсіне кіру деректерін білмесеңіз немесе құрылғының барлық жұмыс режимдерін қалпына келтіргіңіз келсе, қосулы роутердің корпусындағы Сброс түймесін 20 секунд бойы басып тұрыңыз.
Роутерді қайтадан қосу және баптау үшін Жылдам баптау шеберін пайдаланыңыз немесе Басқару тақтасына өтіңіз.