MikroTik роутерін зауыттық параметрлерге қайтару
Роутердің веб-интерфейсіне кіру үшін логин мен құпиясөзді ұмытсаңыз, оның параметрлерін зауыттық күйге қайтарыңыз.
MikroTik роутерін зауыттық параметрлерге қайтару үшін:
- Роутерді 220V желісіне қосып, қуат түймесімен іске қосыңыз.
- Планшет немесе компьютерді роутердің Wi-Fi желісіне қосыңыз.
- Жергілікті IP-мекенжайды анықтаңыз.
- Google Chrome немесе Safari браузерін ашыңыз.
- Мекенжай жолына жергілікті IP-мекенжайды енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
- Ашылған терезеде веб-интерфейске кіру үшін логин мен құпиясөзді енгізіңіз.

- Quick Set бөліміндегі Reset Configuration түймесін басыңыз, ашылған терезеде Reset Configuration түймесін қайта басыңыз.

Немесе WebFig бөліміне өтіп, System → Reset Configuration қойындысын ашыңыз. Reset Configuration түймесін қайта басып, бетте ОК басып растаңыз.
☝️ Роутердің веб-интерфейсіне кіру деректерін білмесеңіз немесе құрылғының барлық жұмыс режимдерін қалпына келтіргіңіз келсе, қосулы роутердің корпусындағы түймені 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Роутерді қайтадан қосу және баптау үшін WinBox немесе браузердегі RouterOS қолданбасын пайдаланыңыз.
