Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Кассада жеткізу тапсырыстарын қалай қабылдауға болады

Жеткізу тапсырысын тезірек рәсімдеу үшін оны Poster кассасында қабылдаңыз.

Poster кассасында тапсырысты клиент телефонмен айтқан ретпен толтыра аласыз. Бұл жұмысты жылдамдатады және маңызды деректерді өткізіп алмауға көмектеседі.

Кассада жеткізу тапсырысын қабылдау үшін:

  1. Poster қосымшасына кіріп, қызметкердің ПИН-кодын енгізіңіз.
  2. Сол жақ жоғарғы бұрыштағы Жаңа тапсырыс батырмасын басып, тапсырыс түрі ретінде Жеткізу таңдаңыз.
  3. Ашылған тапсырыста Жеткізу қойындысына өтіңіз.
  4. Жеткізу мекенжайын енгізіп, курьерге арналған қосымша ақпаратты комментарийге жазыңыз.
    Мысалы, аулада ашулы ит бар екенін көрсетіңіз.

    💡 Мекенжайды енгізген кезде кассада кеңестер шығуы және курьерлер жаңа тапсырыстар туралы хабарламаларды автоматты түрде алуы үшін «Poster Курьер» қосымшасын қосыңыз.
    Егер клиент нақты мекенжайын білмесе, Көше және үй нөмірі өрісіне жеткізу орнының атауын жаза бастаңыз. Poster оны картадан табады. Мысалы, спорт клубының немесе бизнес-орталықтың атауын енгізуге болады.

  5. Түбіртек қойындысына өтіп, тапсырысқа тауарларды қосыңыз.
  6. Сатып алушыны клиенттік базадан табу үшін Клиент қойындысын ашыңыз.
  7. Клиентті тапсырысқа қосу үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы Қолдану батырмасын басыңыз.

    💡 Егер Клиент қойындысында мекенжайды толтырсаңыз, ол Жеткізу қойындысына да автоматты түрде қосылады. Бұл клиенттің бірнеше мекенжайын сақтауға және жеткізу тапсырысын қабылдағанда уақыт үнемдеуге көмектеседі.

  8. Қайтадан Жеткізу қойындысына өтіп, клиенттен төлем әдісін нақтылаңыз.
    Бұл курьерге қолма-қол төлем болса, алдын ала қайтарым ақшаны дайындауға көмектеседі. Ал карта арқылы төлем болса, банк терминалын ұмытпай алып шығады.

доставка на кассе-1

 

💡 Әр мекенжай үшін жеткізу аймағын және жеткізу құнын өзгертуге болады.

 

💡 Түбіртек, Клиент және Жеткізу қойындыларымен бір уақытта, кез келген ретпен жұмыс істей аласыз. Бұл жеткізу тапсырысын рәсімдеу кезінде клиентпен ыңғайлы сөйлесуге көмектеседі.

Енді курьерді тағайындап, тапсырысты клиентке жеткізіңіз.

💡 Егер мекемеде интернет өшіп қалса, жұмыс тоқтамайды: жеткізу тапсырыстарын қабылдай аласыз, түбіртектерді басып шығара аласыз және асүйге жүгіртпелерді жібере аласыз.

 

☝️ Офлайн режимдегі шектеулер:

  • кассада жеткізу тапсырыстары үшін көше мен үй нөмірі бойынша кеңестер шықпайды;
  • «Poster Курьер» қосымшасындағы курьерлер жаңа тапсырыстар туралы хабарлама алмайды. Бірақ тапсырыстар кассада сақталады. Интернет қосылғаннан кейін олар курьерлердің смартфондарына автоматты түрде жіберіледі.