Glovo интеграциясын қалай баптауға болады
Glovo-мен мәзірді синхрондаңыз және агрегатордан келген тапсырыстарды Poster кассасында қабылдаңыз.
Glovo интеграциясы жеткізу тапсырыстарымен жылдамырақ жұмыс істеуге көмектеседі. Glovo-дан келген тапсырыстар Poster кассасында автоматты түрде пайда болады, сондықтан оларды бірден асүйге жібере аласыз.
Glovo-ны Poster-ге қалай қосуға болады:
- Форманы толтырыңыз және Glovo қоңырауын күтіңіз. Содан кейін серіктестік туралы келісімшарт жасайсыз.
- Әкімші панелінде Қолданбалар → Барлық қолданбалар → Glovo бөліміне өтіңіз.
- Қосу түймесін басыңыз, тариф шарттарын тексеріңіз де, Байқап көру түймесін басыңыз.
-
Әкімші панеліндегі деректерге рұқсат беріңіз де, керек мекеменің жанындағы Glovo-ға қосу түймесін басыңыз.

💡 Store Address ID мәнін көшіріп алыңыз. Ол келесі қадамда керек болады.
-
Алдыңғы беттен алған Store Address ID мәнін енгізіңіз.
☝️ Егер Poster-дегі бір мекеме Glovo-да бірнеше Store Address ID арқылы жұмыс істесе, олардың бәрін осы мекемеге байланыстырыңыз. Сонда әртүрлі Store ID-ден келген тапсырыстар Poster-де бір нүктеге түседі.
- Осыдан кейін статус Өңделуде болып көрінеді. Күн ішінде ол Қосылған болып өзгереді.
Қосылым сәтті аяқталғаннан кейін мәзірді синхрондау беті ашылады. Сол жерде жеткізуге арналған мәзірді өңдей аласыз.
☝️ Егер интеграцияны қосқанға дейін Glovo-ға мәзір жүктелген болса, ол өшіріледі. Оның орнына Poster-дегі мәзір автоматты түрде жүктеледі.
Тауар суретін, атауын және сипаттамасын қосу:
- Мәзірді өңдеу түймесін басыңыз.
- Жүктелетін тех. карталарды немесе санаттарды таңдаңыз.

-
Тауар суреті, сипаттамасы, тағам атауы және санат атауы Poster мәзірінен автоматты түрде алынады. Қажет болса, осы өрістерді өңдеңіз және Glovo-ға қосылатын тағамдарды таңдаңыз.
💡 Тағамның жаңа фотосын жүктеу үшін тауар суретінің үстіне апарып, ✎ белгісін басыңыз.
☝️ Glovo мәтінге мына талаптарды қояды:
- атау бас әріптен басталуы керек, толықтай бас әріппен жазуға болмайды;
- атауда
*,^,#,$сияқты арнайы таңбалар және екі бос орын қатар болмауы керек; - мәтін нүктемен аяқталмауы керек;
- сипаттаманың ең көп ұзындығы — 250 таңба, атаудың ең көп ұзындығы — 70 таңба, ең аз ұзындығы — 3 таңба.
- Сол жақтағы жебелер арқылы санаттар мен тех. карталардың ретін өзгертіңіз.
- Glovo-ға жүктеу түймесін басыңыз және жүктеу сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны күтіңіз.

💡Тапсырыс көздерінен бағаларды пайдалану үшін жоғарғы оң жақтағы Көрсетілген бағалар өрісінде көзді таңдаңыз. Таңдалған көзден бағаларды тарту үшін Мәзірді жаңарту басыңыз.
☝️ Қателерден аулақ болу үшін Glovo-ға жүктеп жатқан мәзір мен бағаларды тексеріп отырыңыз.
Poster Әкімші панелінде тех. картаны өзгертсеңіз, Glovo-дағы мәзірді тексеріңіз. Өзгерістерді көру үшін Мәзірді Poster-ден жаңарту басып, мекемені Glovo мобильді қосымшасында ашыңыз. Деректер бірнеше минут ішінде жаңарады.
Glovo-дан келген тапсырыстар кассаға Онлайн тапсырыс беру статусымен түседі және оларда 2 батырма болады: Бас тарту немесе Қабылдау.
Poster кассасында Glovo тапсырысын қабылдау үшін:
- Poster кассасында тапсырыстар қойындысын ашып, Қабылдау басыңыз.
- Тапсырыс Glovo-да клиент таңдаған позициялармен автоматты түрде толтырылып ашылады.
- Тапсырыс мәліметтерін тексеру үшін сол жақ төменнен ••• → Түсініктеме басыңыз.
- Тапсырыс беруге дайын болғанда, ••• → Ready for pickup басыңыз. Glovo жеткізушісі тапсырыстың дайын болғаны және оны алуға болатыны туралы хабарландыру алады.
💡 Интеграция бойынша тапсырысқа автоматты түрде жасалған Glovo клиенті қосылады. Тапсырыс туралы ақпаратты нақтылау үшін клиентпен байланысу қажет болса, Glovo клиентінің телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. Қоңырауды Glovo операторы қабылдап, клиентпен байланысады да, жауапты мекемеге жеткізеді. - Тапсырысты түсініктемедегі нөмірі бойынша жеткізушіге беріңіз.
- Төлем әдісі қолма-қол ақша болса, жеткізуші тапсырыстың құнын төлейді. Картамен төлегенде тапсырыстың құны шартта көрсетілген мерзім ішінде шотқа түседі.
- Төлемге өту басып, тапсырысты жабыңыз.
☝️ Glovo науқандары кассада көрсетілмейді. Науқан шарттарын Poster-де қайталаңыз, науқанды қолмен қосыңыз немесе автоматты қосуды баптаңыз.
Glovo-дан келген тапсырыстардың түбіртектерінің толық тарихын бақылау және түсімді талдау үшін тапсырыстар статистикасын қараңыз.
