Роутер және кіру нүктелерімен желіні баптау
Мекемеде жұмыс желісін баптап жабдықты қосу үшін конфигурация параметрлерін пайдаланыңыз.
Мекемеде роутер және кіру нүктелерімен желіні баптау үшін:
- Мекемеде C класты желі баптаңыз — бұл 192–223 диапазоны мен 255.255.255.0 қосалқы желі маскасы бар желі.
- Роутер баптауларында маршрутизатордың мекенжайы ретінде желідегі бірінші пайдаланылатын IP-мекенжайды көрсетіңіз. Мысалы, 192.168.1.1.
- DHCP-клиенттер үшін IP-мекенжайлар диапазонының бір бөлігін брондаңыз. Мысалы, 192.168.1.10-нан 192.168.1.120-ға дейін.
- DHCP арқылы жұмыс істемейтін жабдыққа осы диапазонда статикалық IP-мекенжайлар белгіленіз. Мысалы, бейнебақылау камералары немесе термалдық принтерлердің кейбір үлгілері.
- POS-жабдықты роутер баптауларында MAC-мекенжайлар арқылы желіге байланыз.
- Кіру нүктелері контроллерінің веб-интерфейсіне кіріп, қонақтар мен қызметкерлерге арналған бөлек Wi‑Fi желілерін жасаңыз. Қонақтар желісіне максималды трафикті шектеңіз.
💡 MikroTik роутерін пайдалансаңыз немесе мекемеде екіден астам желі баптағыңыз келсе, қонақтар және басқа қосымша желілерді VLAN арқылы баптаңыз. - Кіру нүктелері үшін 2.4 және 5 ГГц жолақтарын бір мезгілде пайдаланыңыз.
- Кіру нүктелері арасындағы үздіксіз роумингті баптаңыз.
Жабдыққа арналған желі конфигурациясының үлгісі
- Қосалқы желі: 192.168.1.0/24
- Əдепкі маршрутизатор: 192.168.1.1
- Қосалқы желі маскасы: 255.255.255.0
- DNS-серверлер: 8.8.8.8, 8.8.4.4 — негізгі де, балама да ретінде пайдалануға болады
- DHCP диапазоны: 192.168.1.10 – 192.168.1.120
Қонақтар желісінің конфигурациясының үлгісі
- Қосалқы желі: 192.168.2.0/24
- Əдепкі маршрутизатор: 192.168.2.1
- Қосалқы желі маскасы: 255.255.255.0
- DNS-серверлер: 8.8.8.8, 8.8.8.4 — негізгі де, балама да ретінде пайдалануға болады
- DHCP диапазоны: 192.168.2.1 – 192.168.2.100