Мекемеде бір роутермен желіні баптау
Мекемеде жұмыс желісін баптап жабдықты қосу үшін конфигурация параметрлерін пайдаланыңыз.
Мекемеде бір роутермен желіні баптау үшін:
- Мекемеде C класты желі баптаңыз — бұл 192–223 диапазоны мен 255.255.255.0 қосалқы желі маскасы бар желі.
- Маршрутизатордың мекенжайы ретінде желідегі бірінші пайдаланылатын IP-мекенжайды көрсетіңіз. Мысалы, 192.168.1.1.
- Роутердің веб-интерфейсінде жабдыққа арналған желіні 2.4 ГГц жиілігінде баптаңыз.
- DHCP-клиенттер үшін IP-мекенжайлар диапазонының бір бөлігін брондаңыз. Мысалы, 192.168.1.10-нан 192.168.1.120-ға дейін.
- DHCP арқылы жұмыс істемейтін жабдыққа осы диапазонда статикалық IP-мекенжайлар белгіленіз. Мысалы, бейнебақылау камералары немесе термалдық принтерлердің кейбір үлгілері.
- POS-жабдықты роутер баптауларында MAC-мекенжайлар арқылы желіге байланыз.
Конфигурация үлгісі
- Қосалқы желі: 192.168.1.0/24
- Əдепкі маршрутизатор: 192.168.1.1
- Қосалқы желі маскасы: 255.255.255.0
- DNS-серверлер: 8.8.8.8, 8.8.4.4 — негізгі де, балама да ретінде пайдалануға болады
- DHCP диапазоны: 192.168.1.10 – 192.168.1.120
💡 Роутерге провайдер кабелі қосулы болса, қонақтар мен қызметкерлерге арналған бөлек Wi‑Fi желісін жасаңыз. Қонақтар желісіне максималды трафикті шектеуді ұмытпаңыз.
Роутерді бірінші рет баптамаған болсаңыз, конфигурацияны орнатпас бұрын роутерді қосып провайдер кабелі арқылы интернет байланысын баптаңыз.