UniFi кіру нүктесі контроллерінің веб-интерфейсінде қонақ желісін баптау
Жабдық үшін негізгі желінің жүктемесін азайту және мекеме қонақтарына жылдам интернет дайындау үшін бөлек қонақ Wi-Fi желісін баптаңыз.
UniFi кіру нүктесі контроллерінің веб-интерфейсінде қонақ желісін баптау үшін:
- UniFi кіру нүктесі контроллерінің веб-интерфейсіне кіріңіз.

- Settings → User Groups қойындысын ашып, Create new user group түймесін басыңыз.

- Name өрісіне топтың атын жазыңыз. Мысалы, Guest.

- Қонақ желісі үшін максималды кіріс және шығыс интернет жылдамдығын көрсетіңіз.
- Wireless Networks қойындысына өтіп, Create new wireless network түймесін басыңыз.

- Name/SSID өрісіне қонақ желісінің атын жазыңыз.

- Enable this wireless network жанына белгі қойыңыз.
- WPA Personal таңдап, Security Key өрісіне қонақ желісіне қосылу үшін құпиясөз жазыңыз.
- Apply guest policies (captive portal, guest authentication, access) жанына белгі қойыңыз.
- Advanced Options блогін ашып, User Group өрісінде тізімнен интернет жылдамдығы шектелген жасалған қонақ тобын таңдаңыз.

- Save түймесін басыңыз.
Бірнеше минуттан кейін қонақ желісі қолжетімді Wi-Fi желілері тізімінде пайда болады.
Мекемеде жұмыс желісін баптап, жабдықты қосу үшін роутер мен кіру нүктелері бар желіні реттеңіз.