Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

MikroTik роутеріндегі RouterOS веб-интерфейсінде қонақ желісін баптау

Жабдық үшін негізгі желінің жүктемесін азайту және мекеме қонақтарына жылдам интернет дайындау үшін бөлек қонақ Wi-Fi желісін баптаңыз.

MikroTik роутеріндегі RouterOS веб-интерфейсінде қонақ желісін баптау үшін:

  1. MikroTik роутерінің веб-интерфейсіне кіріңіз.
  2. WebFig бөліміндегі Wireless → Security Profiles қойындысын ашып, Add New түймесін басыңыз.
  3. Name өрісіне қонақ желісі конфигурациясының атын жазыңыз.
  4. Authentication Types өрісінде WPA2 PSK жанына белгі қойыңыз, WPA2 Pre-Shared Key өрісіне қонақ желісіне қосылу үшін құпиясөз жазыңыз.
  5. Unicast Ciphers және Group Ciphers өрістерінде aes ccm жанына белгі қойыңыз. ОК басыңыз.
  6. Wireless → WiFi Interfaces қойындысына өтіп, Add New түймесін басып, тізімнен Virtual таңдаңыз.
  7. Name өрісіне виртуалды интерфейстің атын жазыңыз.
  8. SSID өрісіне қонақ желісінің атын жазыңыз.
  9. Master Interface өрісінде тізімнен wlan1 таңдаңыз.
  10. Жоғарыдағы Advanced Mode түймесін басыңыз.
  11. WPS Mode өрісінде тізімнен disabled таңдаңыз.
  12. WMM Support өрісінде тізімнен enabled таңдап, ОК басыңыз.
  13. IP → Pool қойындысын ашып, Add New түймесін басыңыз — қонақ желісі үшін DHCP-сервер IP-мекенжайлар диапазонын жасаңыз.
  14. Name өрісіне DHCP-сервер пулының атын жазыңыз.
  15. Addresses өрісіне DHCP-сервер диапазонының IP-мекенжайларын көрсетіп, ОК басыңыз.
  16. IP → DHCP Server қойындысына өтіп, Add New түймесін басыңыз — қонақ желісіне арналған DHCP-серверді қосып, баптаңыз.
  17. Name өрісіне DHCP-сервердің атын жазыңыз.
  18. Interface өрісінде тізімнен қонақ желісінің виртуалды интерфейсін таңдаңыз.
  19. Lease Time өрісіне DHCP диапазонындағы IP-мекенжайларды жалға беру уақытын көрсетіңіз.
  20. Address Pool өрісінде жасалған DHCP-сервер пулының атын таңдап, ОК басыңыз.
  21. IP → DHCP Server → Networks қойындысына өтіп, Add New түймесін басыңыз.
  22. Address өрісіне қонақ желісінің ішкі желісін көрсетіңіз. 


    💡 Қонақ желісі үшін бөлек ішкі желі пайдаланыңыз. Мысалы, негізгі желі 192.168.1.0/24 ішкі желісінде болса, қонақ желісі үшін 192.168.2.0/24 ішкі желісін пайдаланыңыз.

  23. DNS Servers өрісіне 8.8.8.8 жазып, ОК басыңыз.
  24. IP → Addresses қойындысын ашып, Add New түймесін басыңыз — сымсыз желінің виртуалды интерфейсіне мекенжай беріңіз.
  25. Addresses өрісіне қонақ желісінің ішкі желісін жазыңыз.
  26. Network өрісіне қонақ желісінің жергілікті IP-мекенжайын көрсетіңіз.
  27. Interface өрісінде тізімнен қонақ желісінің виртуалды интерфейсін таңдап, ОК басыңыз.
  28. IP → Firewall қойындысына өтіп, Add New түймесін басыңыз — негізгі және қонақ желісі қатысушылары арасындағы қосылымдарды бұғаттайтын ережелер қосыңыз.
  29. Scr. Address өрісіне негізгі желінің ішкі желісін, Dst. Address өрісіне қонақ желісінің ішкі желісін жазыңыз.
  30. Action өрісінде тізімнен drop таңдап, ОК басыңыз.
  31. IP → Firewall қойындысына өтіп, Add New түймесін қайта басыңыз.
  32. Scr. Address өрісіне қонақ желісінің ішкі желісін, Dst. Address өрісіне негізгі желінің ішкі желісін жазыңыз.
  33. Action өрісінде тізімнен drop таңдап, ОК басыңыз.
  34. Қонақ желісіне интернет жылдамдығын шектеуді қолдану үшін fasttrack технологиясын тауып, өшіріңіз.
  35. Queues қойындысына өтіп, Add New түймесін басыңыз — қонақ желісіне интернет жылдамдығын шектеңіз.
  36. Name өрісіне кезек атын жазыңыз.
  37. Target өрісіне қонақ желісінің ішкі желісін көрсетіңіз.
  38. Max Limit өрісіне интернеттің шығыс және кіріс жылдамдығының максималды шегін көрсетіңіз.

    💡 Target Upload бағанында шығыс жылдамдық мөлшерін, Target Download бағанында — кіріс жылдамдық мөлшерін көрсетіңіз.
  39. Burst Limit өрісіне Max Limit өрісіндегі жылдамдықтан жоғары мәнді көрсетіңіз.
  40. Burst Threshold өрісіне Max Limit өрісіндегі жылдамдықтан төмен мәнді көрсетіңіз.
  41. Burst Time өрісіне пайдаланушының ағымдағы жылдамдығын тексеру үшін орташа жылдамдық есептелетін уақыт кезеңін секундпен көрсетіңіз.
  42. Apply және ОК басыңыз.

Бірнеше минуттан кейін қонақ желісі қолжетімді Wi-Fi желілері тізімінде пайда болады.

 

Даяшы планшеті мен чек принтерінің IP-мекенжайлары роутерге бекітіліп, автоматты түрде өзгермес үшін жабдықты MAC-мекенжай бойынша MikroTik-ке байластырыңыз.