Жеке курьерлермен және агрегаторлармен жеткізу үшін әртүрлі бағаны қалай баптауға болады
Пиццерия мысалында жеке курьерлермен және агрегаторлармен жеткізуге бөлек бағаны қалай қоюға болатынын көрсетеміз.
Бұрын агрегатор комиссиясын жабу үшін бөлек мекеме жасау немесе мәзірді жаңа атаулармен және бағалармен көшіру керек еді. Ұқсас атауы бар бірнеше тағам қызметкерлерді шатастыратын. Есеп жүргізу мен статистиканы қарау да қиындайтын.
Енді тапсырыс көздерімен жұмыс істеу үшін бұлай әуре болудың қажеті жоқ.
Өз тапсырыс көздеріңізді жасаңыз. Мысалы, Glovo. Кейін бір Тех. карта ішінде осы тапсырыс көзіне бөлек баға қойыңыз.
💡 Business және Pro тарифтерінде қолжетімді.
Мысал ретінде пиццерияны алайық. Онда:
- мекемеде классикалық италиялық пицца, десерттер және сусындар беріледі;
- пиццаның барлық түрі, лимонадтар және шарап Poster Site арқылы жеке курьерлермен және агрегаторлар арқылы жеткізуге сатылады;
- десерттер мен кофе тек мекемеде беріледі.
Мұны Poster-де баптайық.
🛵 Жеткізуді баптаңыз
Алдымен жеке курьерлермен және агрегаторлармен жеткізуді қосыңыз.
Парамтрлер → Жеткізу бөліміне өтіп, жеткізуді қосыңыз. Егер жеткізу ақылы болса және фискализациямен жұмыс істесеңіз, салықты таңдаңыз. Тапсырыс статустарымен қалай жұмыс істейтініңізді және фискалдық түбіртекті қашан басып шығару керегін көрсетіңіз.
Жеткізуді баптау туралы толығырақ нұсқаулықты оқыңыз.
Парметрлер → Тапсырыс бөлімінде Glovo тапсырыс көзін қосыңыз және оны кассада көрсетуді қосыңыз.
💡 Төлем әдістерін де баптаңыз. Сонда ауысым соңында Poster агрегатор комиссиясын автоматты түрде шегеріп, шоттарыңызға дұрыс соманы түсіреді.
🍕 Мәзірді баптаңыз
Енді мекеме мен агрегаторлар үшін әртүрлі баға қойыңыз.
Ол үшін Мәзір → Тех. карталар бөліміне өтіп, Тех. карталарды қосыңыз немесе өңдеңіз. Мекемелер үшін баға параметрлері және көрсету бөлімінде пиццаның мекемедегі және агрегаторлар арқылы жеткізуге арналған бағасын көрсетіңіз.

💡 Егер мекемедегі пицца бағасы жеке курьерлермен жеткізу бағасынан өзгеше болса, оны Poster Site ішінде баптаңыз.
Ол үшін Қосымшалар → Poster Site бөліміне өтіп, Мәзір вкладкасын ашыңыз. Тех. карталар мен тауарларды өңдеп, оларға керек бағаны қойыңыз.

Дайын. Енді кассада тапсырыс көзін таңдаңыз. Мекемедегі және ала кету тапсырыстары үшін стандартты мәзір мен бағалар көрсетіледі.
Glovo тапсырыс көзін таңдасаңыз, кассада осы көзге арналған мәзір мен бағалар көрсетіледі.

💡 Әр тапсырыс көзі үшін тауарларды бөлек-бөлек жасырып отырмау үшін тауарлар мен тех. карталар санаттарын жасырыңыз.
Ол үшін Мәзір → Тауарлар мен тех. карталар санаттары бөліміне өтіңіз. Санаттарды өңдеп, қай санатты агрегаторлар арқылы сатуға болатынын, ал қайсысы тек мекемеде сатылатынын көрсетіңіз.
🥳 Науқан қосыңыз
Көп мекеме ала кету тапсырыстарына жеңілдік береді. Мұндай жеңілдікті Науқан арқылы баптаңыз.
- Маркетинг → Науқандар бөліміне өтіп, жаңа науқан қосыңыз.
- Атауын жазыңыз. Мысалы: «Ала кетуге -30%». Науқанның әрекет ету мерзімін қойыңыз. ☝️ Егер мерзімін таңдамасаңыз, науқан шексіз жұмыс істейді.
- Мекемелерді таңдаңыз: науқан барлық желіде немесе тек таңдалған мекемелерде жұмыс істейтін болады.
- Науқанды автоматты түрде қолдану тармағын белгілемеңіз.
- Науқан шарттары блогында мәзір санатын немесе Тауарлар мен Тех. карталарды таңдаңыз. Ереже ретінде Дәл, ал жинақтау шарты ретінде Жинақтаусыз, бір түбіртек ішінде бірнеше рет параметрін таңдаңыз. Сонда қонақтар бірдей пиццаның бірнешеуін ала кетуге жеңілдікпен тапсырыс бере алады.
- Апта күндерін белгілеңіз және науқанның жұмыс уақытын көрсетіңіз. Немесе баптауларды өзгертпей қалдырыңыз — сонда науқан аптаның кез келген күні тәулік бойы қолданылады.
- Науқан қатысушыларын таңдаңыз. Бұл барлық қонақтар немесе белгілі бір Клиенттер тобы болуы мүмкін.
- Науқан нәтижелері блогында Науқан тауарларына пайыздық жеңілдік параметрін таңдаңыз. Мысалы, пицца сатып алған барлық қонақ 30% жеңілдік алады.
- Қосу батырмасын басыңыз.
💡 Науқандар Business және Pro тарифтерінде қолжетімді.
☝️ Әкімшілік панельде жасалған науқандар Poster Site-пен синхрондалмайды. Сайттан келген тапсырысқа науқанды тек касса қолданбасында қолмен қосуға болады.