Бірнеше мекемеде мәзірді қалай басқаруға болады
Желіңіздегі мекемелерде мәзір әртүрлі болса, әр сауда нүктесінің кассаларында оның көрсетілуін баптаңыз.
Желіңіздегі мекемелерде мәзір әртүрлі болса, әр сауда нүктесінің кассаларында оның көрсетілуін баптаңыз. Бұл жеке позицияларды әртүрлі бағамен сатуға мүмкіндік береді.
Мекемелерде мәзірдің көрсетілуін қалай баптауға болады
Желінің әр мекемесіне жеке мәзір баптау үшін кейбір мекемелердің кассаларында тағамдарды жасырыңыз.
Екінші мекемеде тауарды жасыру үшін:
- Мәзір → Тауарлар қойындысын ашыңыз.
- Жасырғыңыз келген позицияның қасындағы Өңд. түймесін басыңыз.
- Мекемелер мен тапсырыс көздерінде әртүрлі бағалар жанына белгі қойыңыз.
- 2-Мекеме қасындағы Көрсету тармағынан белгіні алып тастаңыз.
- Сақтау түймесін басыңыз.
Енді бұл тауар екінші мекеме даяшыларының кассасында көрінбейді.
Бірінші мекемеде тех. картаны жасыру үшін:
- Мәзір → Тех. карталар қойындысын ашыңыз.
- Қажетті тех. картаны таңдап, Өңд. түймесін басыңыз.
- Мекемелер үшін баға және көрсету параметрлері блогында 1-Мекеме қасындағы ауыстырып-қосқышты өшіріңіз.
- Сақтау түймесін басыңыз.
Бұл тех. карта бірінші мекеме даяшыларының кассасында көрінбейді.

💡 Желінің әр мекемесі үшін жеке тауарлардың көрсетілуін қолмен баптамас үшін тауарлар мен тех. карталар санаттарын жасырыңыз.
Ол үшін Мәзір → Тауарлар мен тех. карталар санаттары қойындысында санат атауының жанындағы Өңд. түймесін басыңыз. Мекемелерде көрсету тармағында осы санаттағы тағамдар немесе сусындарды сатпайтын мекемелердің жанынан белгілерді алып тастаңыз.
💡 Әр сауда нүктесінің кассаларында қандай тағамдардың көрсетілетінін тексеру үшін мәзірдегі сүзгілерді пайдаланыңыз. Ол үшін Мәзір → Тауарлар/Тех. карталар қойындысында ашылмалы мәзірден Мекеме таңдаңыз.
Тізімде желі бойынша сатылатын тағамдар көрсетіледі. Егер позиция мекемеде жасырылған болса, ол сұр түспен белгіленеді.
💡 Тағамдар бағасы әртүрлі болса, мекемелерде әртүрлі бағаларды баптаңыз.
Жеке аккаунттардағы бірнеше мекеменің мәзірін қалай басқаруға болады
Мекемелерің форматы әртүрлі болса және мәзір 15%-дан артық ерекшеленсе, оларды жеке аккаунттарда басқарыңыз. Бағалар мен өнім қалдықтары аккаунттар арасында синхрондалмас үшін әр мекемеге жеке тауарлар мен тех. карталар жасаңыз.
💡 Poster-да қосымша аккаунт тіркеу үшін сайтымыздағы форманы толтырыңыз.
💡 Егер ұқсас мәзірі бар бірнеше мекемені жеке аккаунттарда жүргізсеңіз, оны көшіруге болады. Ол үшін бізге чатта хабарласыңыз.
Әртүрлі аккаунттардағы мәзірді синхрондау үшін Poster Connect-ті қосыңыз және синхрондауды баптаңыз.