Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Франшиза үшін қонақтардың тұтас базасын қалай баптауға болады

Қонақтар желінің кез келген мекемесінде сатып алу кезінде жеңілдіктерді пайдаланып, бонустар жинап және олармен есеп айырыса алуы үшін тұтас клиенттер базасын баптаңыз. Бүкіл франшизаның қонақтар деректері Connect-аккаунтта біріктіріледі.

💡 Poster Connect қосымшасында клиенттерді, клиент топтарын және бонустарды синхрондау өшірулі болса, бізгечатта жазыңыз — параметрлерді өзгертуге көмектесеміз.

Тұтас клиенттер базасын қалай баптауға болады

Тұтас клиенттер базасын баптау үшін Connect-аккаунтта клиент топтарын қосыңыз. Жасалған клиент топтары Connect-аккаунттан серіктестер аккаунттарына автоматты түрде жүктеледі және серіктестер оларға клиенттер қоса алады.

Клиент тобын қосу үшін:

  1. Әкімші-панельде Маркетинг → Клиент топтары қойындысын ашыңыз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.
  3. Топ атауын жазыңыз. Мысалы, «Тұрақты клиенттер».
  4. Адалдық бағдарламалары өрісінде жүйені таңдаңыз.

    💡 Жеңілдік жүйесінің қатысушылары сатып алу сомасынан жеңілдік алады, ал бонустық жүйе қатысушылары бонустар жинап, келесі келуінде шотты немесе оның бір бөлігін бонустармен төлей алады.
  5. Жеңілдік пайызын немесе бонус мөлшерін жазыңыз.
  6. Сақтау түймесін басыңыз.

бонусная группа клиентов


💡 Карточкасы тұтас базада бұрыннан сақталған қонақ мекемеге келсе, оны тапсырысқа қосуға болады. Ол үшін кассадағы ашық чекте жоғарғы сол жақ бұрыштан Клиент қойындысына өтіп, қонақты тауып, чекке жеңілдік қосу немесе бонустармен төлемді қабылдау үшін чекке қосыңыз.

оплата бонусами

💡 Кассада тікелей жаңа клиент қосу үшін клиенттер тізімі терезесінде Жаңа клиент түймесін басып, карточканы толтырып, Сақтау түймесін басыңыз. Серіктес өз аккаунтында жаңа қонақтың карточкасын қосқан бетте ол туралы ақпарат франшиза базасына түседі.

Новый клиент

☝️ Желінің әрбір мекемесіндегі клиент бонустары мен сатып алу сомалары Connect-аккаунтта жиналады, содан кейін серіктестер аккаунттарымен синхрондалады.

Әрбір клиент бойынша сатып алулар статистикасын бақылаңыз.