Бір айдағы қаржылық есепті қалай тексеруге болады
Шоттардағы ақша қозғалысын қарап, мекеменің айлық қаржылық нәтижесін толық есеппен талдаңыз.
☝️ Қаржыға өтпес бұрын, қоймадағы қалдықтарды тексеріп, түгендеу жүргізіңіз. Қойманы тексеру кезінде мекеменің қаржылық нәтижесіне әсер ететін қателерді түзете аласыз.
Шоттардағы ақша қозғалысын бақылап, мекемеде іс жүзінде жасалатын барлық транзакцияларды қосып отырыңыз. Осы әрекеттер толық қаржылық есеп алуға көмектеседі.
Енді мекемеңіздің қаржысын қалай ретке келтіруге болатынын толығырақ қарастырайық.
💰 Шоттар балансы
Онлайн-банкингтегі және сейфтегі нақты ақша қалдықтарын тексеріңіз. Оларды Қаржы → Транзакциялар бөліміндегі шоттар балансымен салыстырыңыз.
💡 Белгілі бір күндегі шот бойынша қозғалыс пен оның балансын көру үшін Қаржы → Транзакциялар бөлімінде Баланс бағанын қосып, күн мен шотты таңдаңыз.
☝ Ақша жәшігінің балансын кассалық ауысым жабылғаннан кейін ғана тексеріңіз. Сонда Poster кассада жасалған барлық транзакцияларды есепке алады.
🪄 Қателерді тауып, түзетіңіз
Іс жүзінде жасалған барлық транзакциялардың Poster-ге енгізілгенін тексеріңіз. Шоттардағы нақты баланс Қаржы → Транзакциялар бөліміндегі баланспен сәйкес келуі үшін транзакцияларды өткен күнмен қосыңыз немесе өңдеңіз.
Транзакция санаттарын тексеріп, қажет болса өңдеңіз. Ақша қозғалысын ішкі санаттар бойынша нақтылаңыз. Мысалы, коммуналдық қызметтерді қоқыс шығару, электр энергиясы және сумен жабдықтау деп бөліңіз. Ішкі санаттармен статистиканы толығырақ бақылау оңай болады.
🧮 Кассалық ауысымдар
«Кассалық ауысымдар» санатындағы транзакцияларды Қаржы → Кассалық ауысымдар бөлімінде бөлек тексеріп, өңдеңіз.
💡 Кассалық ауысымдардағы Кітаптық баланс пен Нақты баланс кассадағы жоспарланған және нақты ақша сомасын көрсетеді. Егер олардың арасында айырма болса, Poster автоматты түрде түзетуші транзакция жасайды. Айырманы жою үшін кассалық ауысым көрсеткіштерін өңдеңіз.
🤵🏻♂️ Қызметкерлерге төлемдер
Poster-де жалақы есебін жүргізіңіз. Төлем сомасын қарап, жалақыны нақты төлеген кезде «Жалақы» санатымен транзакция қосыңыз.
🍀 Қаржылық нәтиже
Қаржы → Cash flow бөлімінде шығыстар мен түсімдерді әр санат бойынша қараңыз. Cash flow есебін алдыңғы кезеңдермен салыстырыңыз.
Мекеменің кірістері мен шығыстарын бақылап, маржасына әсер ету үшін P&L есебін де қарап отырыңыз.
Қаржыны тұрақты есепке алу мекеменің таза пайдасына сай келетін қаржылық нәтижені көрсетеді.