Түгендеуден тауарды жою
Ингредиент немесе тауарды тізімнен алып тастаңыз, сонда ол түгендеу кезінде көрсетілмейді.
Кейде түгендеу кезінде тізімнен артық өнімді алып тастау қажет болады. Бірақ оны әрқашан жоюға болмайды — бұл түгендеу түріне және оның мәртебесіне байланысты.
☝️ Өнімді тек ашық жартылай түгендеуде ғана жою мүмкін.
Жартылай түгендеуді жүргізіп, одан кейін өңдеуге ашсаңыз — өнімді жою мүмкін болмайды.
Ашық жартылай түгендеуден өнімді алып тастау үшін:
- Əкімші панеліндегі Қойма → Түгендеулер қойындысын ашыңыз.
- Әлі жүргізілмеген түгендеудің қарсысындағы Ашу түймесін басыңыз.
- Жоғарғы оң жақ бұрышта Параметрлерді өзгерту түймесін басыңыз.
- Осы түгендеуде көрсетілмеуі тиіс тауар немесе ингредиенттің құсбелгісін алып тастаңыз.
- Сақтау түймесін басыңыз.

💡 Қажетті тауар немесе ингредиентті жылдам табу үшін жылдам іздеуді пайдаланыңыз.
❗ Толық түгендеуден өнімді жою мүмкін емес.
Толық түгендеу қойма қозғалысы болған барлық позицияларды кезең ішінде автоматты түрде қалыптастырады. Жекелеген өнімді тізімнен жою мүмкін емес.
Белгілі бір кезеңдегі қозғалысы бар барлық позицияларды көру үшін қоймадағы козғалыс бойынша есепті қараңыз.