P&L-пен жұмыс істеу үшін аккаунтты қалай баптауға болады
P&L есебінде мекеменің барлық кірістері мен шығыстарын көрсету үшін аккаунтыңызды дайындаңыз
Кірістер мен шығыстар әрдайым өзекті болып тұруы үшін әкімші панеліндегі Қолжетімділік → Мекемелер бөлімінен мекемеңізге үш негізгі шот байланыстырылғанын тексеріңіз: ақша жәшігі, есеп айырысу шоты және сейф.
💡 Егер Poster-дегі баланс шоттардағы нақты сомалармен сәйкес келмесе, әкімші панелінде балансты түзетіңіз.
☝️ Егер бір аккаунтта бірнеше мекеме болса, әр мекеме үшін бөлек үш шот жасап, оларды байланыстырыңыз. Бұл әр мекеме бойынша транзакциялар мен шоттар балансын бөлек бақылауға көмектеседі.
Шоттар дұрыс бапталса, қаржылық есеп жүргізу әлдеқайда жеңіл болады.
Транзакция санаттарын баптаңыз
Қаржы → Санаттар бөліміне өтіп, P&L есебінде қандай кіріс және шығыс санаттарын көрсеткіңіз келетінін таңдаңыз. Қажет болса, жаңа санаттар қосыңыз немесе барларын өңдеңіз.

Санаттарды мекемеңізге сай баптаңыз. Қажет болса, логистика, жалақы және коммуналдық төлемдер шығыстарын шығыстарда емес, өзіндік құнда есептеңіз.
Өзіндік құнда көрсету үшін:
-
Қаржы → Санаттар бөлімінде шығыстары өзіндік құнда ескерілуі керек санаттарды қосыңыз немесе өңдеңіз.
-
Осындай әр санат пен ішкі санат үшін P&L-де көрсету жолында Иә таңдаңыз және P&L-дегі блок → Өзіндік құн тармағын көрсетіңіз.
Қоймадан есептен шығаруды баптаңыз
Сатылған кезде ингредиенттер мен тауарлар нақты сақталатын қоймадан есептен шығарылуы маңызды. Мекемеде сату кезінде ингредиенттер қай қоймадан есептен шығарылуы керек екенін тексеріп, баптаңыз.
-
Қолжетімділік → Мекемелер бөлімінде өнімдер қандай ереже бойынша есептен шығарылатынын таңдаңыз:
-
Егжей-тегжейлі баптаусыз — ингредиенттер соңғы қозғалыс жасалған қоймадан есептен шығарылады. Мысалы, жеткізілім, есептен шығару немесе орын ауыстыру болған қоймадан.
-
Цехтар бойынша есептен шығару — әр цехқа бөлек қойма байланыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, мекемеде асүй мен бар үшін сүт қалдықтары бөлек болса.

Қолмен есептен шығаруды баптаңыз
Қоймадан есептен шығару P&L-дің қай блогында көрсетілетінін таңдаңыз. Мысалы, бүлінген өнімдер P&L есебінде Өзіндік құн блогында, ал жаңа мәзірді пысықтауға есептен шығарылған өнімдер Шығыстар блогында көрсетілетіндей етіп баптаңыз.
💡 Әдепкі бойынша барлық қолмен есептен шығарулар P&L есебінде Өзіндік құн блогында көрсетіледі. Себебін жасау немесе өңдеу кезінде өзгерте аласыз:
-
Қойма → Есептен шығарулар бөліміне өтіңіз.
-
Себептерді ашып, Ред. немесе Қосу түймесін басыңыз.
-
P&L блогында ескеру жолында лайықты нұсқаны таңдаңыз: өзіндік құн немесе шығыстар. Мысалы, қызметкерлердің тамақтануын шығыстарда көрсетіңіз.

Мәзір құрылымын тексеріңіз
P&L есебінде кірістер мен маржа цехтар мен мәзір санаттары бойынша бөлінеді. Мекеменің нақты деректерін көру үшін барлық сусындар «Бар» цехына байланыстырылғанын және тех. карталар қай цехтар мен санаттарға байланыстырылғанын тексеріңіз.
Мәзірді Мәзір → Тех. карталар және Мәзір → Тауарлар бөлімдерінде тексеріңіз.
Егер мәзіріңіз бірнеше деңгейден тұрса, Мәзір → Тауарлар мен тех. карталар санаттары бөлімін де тексеріңіз.
P&L-ді қосып, тексеріңіз
-
Қаржы → P&L бөліміне өтіңіз.
-
Шарттармен танысып, Қосу → Сатып алу түймесін басыңыз.
-
Оң жақ жоғары бұрыштағы күнтізбені басып, есепті кезеңді таңдаңыз.
-
Өзіндік құн блогындағы шығыстарды тексеріп, оларды басқа кезеңмен салыстырыңыз.
-
Кестенің төменгі жағындағы Салықтан кейінгі пайда көрсеткішін қараңыз. Бұл — барлық шығыстар ескерілген таза пайда.

💡 Әртүрлі кезеңдердегі сома мен пайызды ыңғайлы салыстыру үшін бағандардың орнын ауыстырыңыз. Ол үшін баған атауын басып ұстап, керек жерге сүйреп апарыңыз.
Мекеменің барлық кірістері мен шығыстарын есепке алыңыз. Ол үшін транзакцияларды кассада және әкімші панелінде қосып отырыңыз.