Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Мекемеде UniFi кіру нүктелерін дұрыс орналастыру

Мекемеңіздің барлық ауданын жабатын сымсыз Wi‑Fi желісін қонақтар мен қызметкерлер үшін дайындау үшін UniFi кіру нүктелерін пайдаланыңыз.

Кіру нүктелерін мекемеде дұрыс орналастыру үшін:

  1. Үй-жайдың жоспарын дайындаңыз
  2. Мекеме өлшеміне сай кіру нүктелерін таңдаңыз
  3. Орналасуды таңдап, сигнал радиусын тексеріңіз
  4. Кіру нүктелерін орнатыңыз
  5. Wi‑Fi сигналының деңгейін тексеріңіз

☝️ Кіру нүктелерінің орналасуы қонақтар мен қызметкерлер құрылғыларындағы Wi‑Fi сигналының сапасына əсер етеді.

 

Үй-жай жоспарын дайындау

Кіру нүктелерін таңдап орналастырмас бұрын мекемеңіздің жоспарын дайындаңыз. Бұл UniFi бағдарламалық контроллерінің көмегімен кіру нүктелерін дұрыс орналастыруға мүмкіндік береді.

Үй-жай жоспарында белгіленіз:

  • мекеменің жалпы ауданы;
  • залдар, бөлмелер және цехтар саны;
  • ішкі қабырғалардың қалыңдығы;
  • қабаттар саны.

💡 Үй-жай жоспарыңыз əлі жоқ болса, draw.io қызметін пайдаланыңыз. Жоспар сызу үшін төменгі сол бұрышта + Больше фигур түймесін басып, Планы помещений таңдаңыз.


Кіру нүктелерін таңдау

Үй-жайыңыздың құрылымына байланысты кіру нүктелерін таңдаңыз. Біз UniFi-дің 3 үлгісін ұсынамыз:

  • UniFi AP-AC-Lite — бір немесе бірнеше үлкен залы бар мекемелерге қолайлы əмбебап əрі қолжетімді үлгі. Бір кіру нүктесі қонақтар аймағының 50 м²-ін тұрақты Wi‑Fi сигналымен қамтамасыз етеді.
  • UniFi AP-AC-LR — ашық кеңістігі үлкен мекемелерге қолайлы. Бір кіру нүктесі қабырғалар мен бөлгіштерсіз ашық қонақтар аймағының 100 м²-ін жабады.
  • UniFi AP-AC-PRO — мекеменің ішкі бөлігінен тыс Wi‑Fi желісін тарату үшін арнайы жасалған кіру нүктесі. Жазғы алаңдарға немесе террасаға қолайлы.

☝️ Бір мезгілде екі жиіліктеде жұмыс істейтін UniFi кіру нүктелерін сатып алыңыз: 2.4 ГГц және 5 ГГц.

💡 UniFi кіру нүктелерінің сипаттамалары туралы толығырақ олардың техникалық құжаттамасынан оқыңыз.


Кіру нүктелерінің орналасуы және сигнал радиусын тексеру

Кіру нүктелерін орналастырып олардың сигнал радиусын көру үшін мекемеңіздің жоспарын UniFi контроллері баптауларына жүктеңіз:

  1. UniFi контроллерінің баптауларына кіріп, Map қойындысын ашыңыз.
  2. Жоғарғы сол бұрышта Floorplan таңдап, Add new floorplan түймесін басыңыз.
  3. Жоспардың атауын жазыңыз, Image floorplan type блогында Legacy таңдап, Save түймесін басыңыз.
  4. Set Floorplan Scale түймесін басыңыз, сызба жанына тік сызық сызыңыз, Distance өрісіне сызықтың ұзындығын енгізіп, Set scale түймесін басыңыз.

  5. Place Devices түймесін басып, Virtual Devices тізіміне өтіңіз — кез келген кіру нүктесінің радиусын сатып алмас бұрын тексеруге болады.

  6. Кіру нүктелерін тізімнен үй-жай жоспарына апарыңыз.
  7. Layers түймесін басыңыз, Coverage белгісін қойып, 2G Coverage жабу түрін таңдаңыз.

💡 Кіру нүктелерінің əртүрлі сигнал қуаты деңгейлеріндегі жабу радиусын білу үшін Layers оң жағындағы dBm айнымалы мәнін пайдаланыңыз.


Кіру нүктелерін орнату

Кіру нүктелерін сатып алғаннан кейін мекемеге орнатыңыз. Мекеменің максималды ауданын сымсыз сигналмен жабу үшін оларды төбеге бетін төмен қаратып орналастыруды ұсынамыз.

☝️ Кіру нүктелерін қабырғаға орналастырғыңыз келсе, техникалық маманға жүгініңіз — сигнал жабу радиусы өзгеруі мүмкін.

Кіру нүктелерін 20 метр қашықтықта орналастырыңыз. Олардың арасында қалың қабырғалар немесе басқа кедергілер болса, қашықтықты 15 метрге дейін қысқартқан жөн. Мысалы, бір қабат және үш кіру нүктесі үшін оларды бір-бірінен 15-тен 20 метр қашықтықта, 45º бұрыш астында үшбұрыш түрінде орналастыру оңтайлы.


Wi‑Fi сигналының деңгейін тексеру

UniFi кіру нүктелерін орналастырғаннан кейін мекеменің əртүрлі нүктелеріндеWi‑Fi сигналының деңгейін тексеріңіз. Қонақтар аймағы мен жабдық жұмыс аймағы –35-тен –65 дБм-ге дейінгі RSSI сигналын алатынына көз жеткізіңіз.

Сымсыз желі ішіндегі кіру нүктелері арасында құрылғылардың автоматты түрде ауысуын баптау үшін UniFi кіру нүктелері арасындағы үздіксіз Wi‑Fi роумингін баптаңыз.