Poster-ден деректерді қалай экспорттауға болады
Экспорт батырмасы бар болса, Әкімші панеліндегі кез келген тізімді экспорттауға болады.
Экспорт батырмасы бар болса, Әкімші панеліндегі кез келген тізімді экспорттауға болады. Мысалы, түбіртектер, тауарлар, тех. карталар, қоймадағы қалдықтар және клиенттер базасы бойынша XLS кестелерін жүктеп ала аласыз.
Poster-ден деректерді экспорттау үшін:
- Әкімші панелінде керек бөлім мен қойындыны ашыңыз.
Мысалы: Қаржы → Транзакциялар. - Оң жақ жоғарғы бұрыштағы ⿲ Бағандар батырмасын басыңыз.
Экспортқа қай бағандар кіретінін таңдаңыз. - Экспорт батырмасын басыңыз.

💡 Құрамы, дайындау тәсілі, брутто, нетто және құрамдас бөліктердің өзіндік құны көрсетілген тех. карталар мен жартылай фабрикаттар тізімін экспорттау үшін, Мәзір → Тех. карталар немесе Мәзір → Жартылай фабрикаттар бөліміне өтіңіз. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы Экспорт батырмасын басыңыз, Құрамымен опциясын таңдаңыз да, Жүктеп алу батырмасын басыңыз.

🚧 Әкімші панелінің мобильді нұсқасында деректерді экспорттау мүмкін емес. XLS кестелерін компьютерден, Әкімші панелінің веб-нұсқасы арқылы жүктеп алыңыз.
💡 Экспортталған кестені импортқа арналған шаблон ретінде де пайдалануға болады. Оған жетіспейтін тауарларды қосып, кейін Poster-ге жүктеңіз.
Шоттардағы ақша қозғалысын бақылау үшін Cash flow есебін ашып, экспорттаңыз.