Тауарлар мен олардың модификацияларын қалай импорттауға болады
Poster-ге тауарлар мен олардың модификацияларын жылдам қосу үшін импортты пайдаланыңыз.
Poster-ге дайын күйінде сатып алып, кейін қайта сататын тауарлар мен олардың модификацияларын жылдам қосу үшін импортты пайдаланыңыз. Мысалы, балмұздақ — тауар, ал банан, құлпынай және қарақат дәмдері — модификациялар.
💡 Кесте үлгісін алу үшін қоймадағы тауарларды экспорттаңыз немесе дайын үлгіні жүктеп алыңыз. Үлгідегі мысал тауарларды өшіріңіз, кестедегі бағандарды толтырыңыз да, файлды CSV, XLS немесе XLSX форматында сақтаңыз. Содан кейін тауарлар кестесін Poster-ге импорттаңыз.
☝️ Кестені толтырғанда:
- Атауы бағанында алдымен тауардың атауын, содан кейін бос орын арқылы оның модификациясының атауын жазыңыз. Мысалы: Зефир Апельсиновый;
- бұрыннан бар тауарлар үшін PosterID product_id және PosterID modificator_id бағандарындағы мәндерді өзгертпеңіз, ал жаңа тауарлар үшін бұл бағандарды бос қалдырыңыз.
Тауарлар мен олардың модификацияларын импорттау үшін:
- Әкімші панелінде Мәзір → Тауарлар бөліміне өтіңіз.
- Алдымен жаңа тауарларды модификацияларсыз импорттаңыз.
Мысалы, «Футболка» тауарын қосыңыз, бірақ S, M, L сияқты модификацияларын әзірге қоспаңыз. - Тауарлар жүктелгеннен кейін, жоғарғы оң жақтағы Экспорт батырмасын басып, Poster берген PosterID product_id мәндері бар файлды жүктеп алыңыз.
- Тауар модификацияларын қосу үшін экспортталған файлда бір тауардың барлық нұсқаларына бірдей PosterID product_id мәнін көшіріп қойыңыз. Ал PosterID modificator_id бағанын бос қалдырыңыз.

- ••• батырмасын басып, Тауарлар импортын таңдаңыз.
- Жүктеу батырмасын басыңыз. Компьютерден тауарлар мен модификациялар кестесін таңдап, оны Poster-ге жүктеңіз.
- Импортты бастау батырмасын басыңыз.
- Атауы, Санат, Цех, Түрі, Бағасы және Салмақтық тауар өрістерін кестедегі бағандармен сәйкестендіріңіз.
- Деректерді тексеру батырмасын басыңыз.
- Егер бәрі дұрыс болса, Импортты орындау батырмасын басыңыз.

🚧 Әкімші панелінің мобильді нұсқасында деректерді импорттау мүмкін емес. Тауарлар кестесін компьютерден, әкімші панелінің веб-нұсқасы арқылы жүктеңіз.
Қоймаға жеткізілімді жәшікпен немесе қаптамамен қосу үшін каптамаларды пайдаланыңыз.