Тауарларды қалай импорттауға болады
Poster-ге тауарларды тез қосу үшін тауар импортын қолданыңыз.
Бұл әдіс дайын күйінде сатып алып, қайта сататын тауарларға ыңғайлы. Мысалы, бөтелкедегі лимонад.
💡 Кесте шаблонын алу үшін Қоймадағы тауарларды экспорттаңыз немесе дайын үлгіні жүктеп алыңыз. Шаблондағы мысал тауарларды өшіріңіз, кестедегі бағандарды толтырыңыз да, файлды CSV, XLS немесе XLSX форматында сақтаңыз. Содан кейін осы файлды Poster-ге импорттаңыз.
Тауарларды импорттау үшін:
- Әкімші панелінде Мәзір → Тауарлар бөліміне өтіңіз.
- Оң жақ жоғарғы бұрыштағы ••• батырмасын басып, Тауарларды импорттау тармағын таңдаңыз.
- Компьютерден тауарлар кестесін таңдау үшін Жүктеу түймесін басыңыз және файлды Poster-ге жүктеңіз.
- Импортты бастау түймесін басыңыз.
- Атауы, Санат, Цех, Штрихкод, Түрі, Бағасы, Салмақтық тауар және Салық өрістерін кестедегі бағандармен сәйкестендіріңіз.
- Деректерді тексеру түймесін басыңыз.
- Егер бәрі дұрыс болса, Импортты орындау түймесін басыңыз.

🚧 Әкімші панелінің мобильді нұсқасында деректерді импорттау қолжетімсіз. Тауарлар тізімі бар файлды компьютер арқылы, әкімші панелінің веб-нұсқасында жүктеңіз.
💡 Егер сізде дүкенге арналған нұсқа болса, импортқа арналған файл үлгісін жүктеп алып, мына бағандарды толтырыңыз: Атауы, Санат, SKU, Штрихкод, Түрі, Бағасы, Салмақтық тауар және Салық.
SKU — тауар артикулы. Оның көмегімен даяшылар кассаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы 🔎 белгісін басып, тауарды тапсырысқа тез қоса алады.
Тауар каталогы ықшам болуы және даяшылар тауарларды тезірек тауып, сатуы үшін, тауарлар мен олардың модификацияларын импорттаңыз.