Ингредиенттерді қалай импорттау керек
Poster-ге мәзірді тез қосу үшін алдымен ингредиенттерді импорттаңыз. Содан кейін солардың негізінде Тех. карта мен Жартылай фабрикат жасаңыз
Poster-ге мәзірді тез қосу үшін алдымен ингредиенттерді импорттаңыз. Содан кейін солардың негізінде тех. карта мен жартылай фабрикат жасаңыз
💡 Кесте үлгісін алу үшін ингредиенттерді экспорттаңыз Склад бөлімінен немесе дайын үлгіні жүктеп алыңыз. Үлгідегі мысал жолдарды өшіріңіз, кесте бағандарын толтырыңыз да, файлды CSV, XLS немесе XLSX форматында сақтаңыз. Одан кейін ингредиенттері бар кестені Poster-ге импорттаңыз.
Ингредиенттерді импорттау үшін:
- Админ-панельде Меню → Ингредиент бөліміне өтіңіз.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Импорт батырмасын басыңыз.
- Загрузить батырмасын басып, компьютерден ингредиенттері бар кестені таңдаңыз.
- Файл жүктелгеннен кейін Начать импорт батырмасын басыңыз.
- Название, Категория және Единица измерения өрістерін кестедегі сәйкес бағандармен сәйкестендіріңіз.
- Проверить данные батырмасын басыңыз.
- Егер бәрі дұрыс болса, Провести импорт батырмасын басыңыз.

🚧 Админ-панельдің мобильді нұсқасында деректерді импорттау мүмкін емес. Ингредиенттер тізімі бар кестені компьютерден админ-панельдің веб-нұсқасы арқылы жүктеңіз.
Енді мекеменің мәзірін толтыру үшін тех. карталар мен жартылай фабрикаттар жасаңыз.