Тех. карталарды қалай импорттау керек
Мекемеңізде дайындалатын тағамдар мен сусындарды Poster-ге тез қосу үшін тех. карталарды импорттаңыз.
Импорттан кейін тех. карталарға ингредиенттер мен жартылай фабрикаттарды қосыңыз.
💡 Кесте үлгісін алу үшін тех. карталарды экспорттаңыз немесе дайын үлгіні жүктеп алыңыз.
Үлгіден мысал тағамдар мен сусындарды өшіріңіз, кестедегі бағандарды толтырыңыз да, файлды CSV, XLS немесе XLSX форматында сақтаңыз.
Содан кейін тех. карталар кестесін Poster-ге импорттаңыз.
Тех. карталарды импорттау үшін:
- Әкімші панелінде Мәзір → Тех. карталар бөліміне өтіңіз.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Импорт батырмасын басыңыз.
- Жүктеу батырмасын басып, компьютерден тех. карталар кестесін таңдаңыз және оны Poster-ге жүктеңіз.
- Импортты бастау батырмасын басыңыз.
- Атауы, Санат, Цех, Түрі, Бағасы және Салмақтық тауар өрістерін кестедегі тиісті бағандармен сәйкестендіріңіз.
- Деректерді тексеру батырмасын басыңыз.
- Егер бәрі дұрыс болса, Импортты орындау батырмасын басыңыз.

☝️ Кестені толтырғанда бар тауарлар үшін PosterID product_id және PosterID modificator_id бағандарындағы мәндерді өзгертпеңіз. Ал жаңа тауарлар үшін бұл өрістерді бос қалдырыңыз.
🚧 Әкімші панелінің мобильді нұсқасында деректерді импорттау мүмкін емес. Тех. карталар тізімі бар кестені компьютерден әкімші панелінің веб-нұсқасы арқылы жүктеңіз.
Егер тағамның немесе сусынның бірнеше нұсқасы болса, мысалы өлшемі әртүрлі болса немесе қосымша ингредиент қосылса, тех. карталарға модификаторларды қосыңыз.