Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Мәзірді қалай толтыру керек

Poster-дегі мәзірді тауарлармен және тех. карталармен толтырыңыз. Олар даяшының кассасында көрсетіледі.

Тауар мен тех. картаның айырмашылығы неде

Тауар — дайын күйінде сатып алып, өңдемей қайта сататын өнім.
Мысалы: бөтелкедегі минералды су немесе шоколад.

Тех. карта — мекемеде рецепт бойынша дайындалатын тағам не сусын.
Мысалы: капучино немесе саңырауқұлақ сорпасы.

Тауарлар мен тех. карталарға санаттар құрыңыз

Алдымен тауарлар мен тағамдарды санаттарға біріктіріңіз. Сонда даяшы оларды кассадан тез табады. Мысалы: «Бірінші тағамдар», «Сусындар», «Десерттер».

  1. Мәзір → Тауарлар мен тех. карталар санаттары бөліміне өтіп, Қосу түймесін басыңыз.
  2. Санат атауын жазыңыз. Мысалы: «Пісірмелер».
  3. Санат өрісінде ашылмалы тізімнен кассадағы орнын таңдаңыз: негізгі экранда немесе басқа санаттың ішінде.
  4. Фото жүктеңіз немесе белгішенің түсін таңдаңыз.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

карталардын санаттары

Тауарларды қосыңыз

Дайын күйінде сатып алып, қайта сататын өнімдерді қосыңыз. Олар тағам мен сусын дайындауға қатыспайды.
Мысалы: бөтелкедегі лимонад немесе балмұздақ.

  1. Мәзір → Тауарлар бөліміне өтіп, Қосу түймесін басыңыз.
  2. Атауын енгізіңіз, санатын және Цех таңдаңыз.
  3. Тауар құнын Барлығы өрісіне жазыңыз. Өзіндік құны мен Үстеме баға өрістері қоймаға жеткізілім қосылғаннан кейін автоматты түрде есептеледі.
  4. Тауардың фотосын жүктеңіз немесе белгішенің түсін таңдаңыз. Ол даяшы не кассирдің кассасында көрсетіледі.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

Тауарлар

💡 Егер тауарды салмақпен сатсаңыз, Салмақтық тауар опциясын қосып, 100 грамм бағасын жазыңыз. Сату кезінде даяшы тек салмағын енгізеді, ал құны автоматты түрде есептеледі.

💡 Бір тауардың бірнеше нұсқасы болса, оған модификациялар қосыңыз.

☝️ Жаңа тех. карта жасамас бұрын, оған қажет ингредиенттер мен жартылай фабрикаттарды қосыңыз. Жетпейтіндерін тағам не сусын карточкасында бірден жасауға болады.

Ингредиенттерді қосыңыз

Ингредиент — мекемеде тағам мен сусын дайындауға қолданылатын өнім.
Мысалы: пісіруге арналған ұн немесе лимонадқа арналған жалбыз.

  1. Мәзір → Ингредиенттер бөліміне өтіп, Қосу түймесін басыңыз.
  2. Атауын, ингредиент санатын және өлшем бірлігін жазыңыз.
  3. Қосымша бөлімін ашып, өңдеу кезіндегі жоғалу пайызын көрсетіңіз: тазалау, қайнату, қуыру, бұқтыру немесе пеште пісіру.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

Ингредиенттер

💡 Егер ингредиент алдын ала сатып алынған болса, Қойма есебі блогын толтырыңыз. Саны, бірлік бағасы мен Қойма таңдаңыз. Жүйе автоматты түрде жеткізілім жасап, Poster өзіндік құнын есептейді.

Жаңа ингредиенттер бойынша жеткізілімді тексеру не өңдеу үшін Қойма → Жеткізілімдер бөліміне өтіңіз.

Жартылай фабрикаттар жасаңыз

Жартылай фабрикат — ингредиенттерден тұратын дайындама.
Мысалы: тұздықтар немесе қамыр.

  1. Мәзір → Жартылай фабрикаттар бөліміне өтіп, Қосу түймесін басыңыз.
  2. Атауын, дайындау процесін жазыңыз және жартылай фабрикат құрамындағы өнімдерді таңдаңыз. Жетпейтін ингредиенттерді осы карточканың ішінде де жасауға болады.
  3. Әр ингредиент үшін брутто, нетто салмағын немесе өңдеу тәсілін көрсетіңіз.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

Жартылай фабрикаттар

☝️ Жартылай фабрикаттар бөлек сатылмайды. Олар тек тех. картаның құрамында қолданылады. Сондықтан даяшы не кассирдің кассасында көрсетілмейді.

Тех. карта жасаңыз

Енді рецепт бойынша дайындалатын тағамдар мен сусындарға тех. карталар қосыңыз.
Мысалы: саңырауқұлақ крем-сорпасы немесе көкжидек смузиі.

  1. Мәзір → Тех. карталар бөліміне өтіп, Қосу түймесін басыңыз.
  2. Атауын енгізіңіз, санатты таңдаңыз және тағам дайындалатын Цех көрсетіңіз.
  3. Тағамның фотосын жүктеңіз немесе белгішенің түсін таңдаңыз. Ол даяшы не кассирдің кассасында көрсетіледі.
  4. Сату бағасын Баға өрісіне жазыңыз. Өзіндік құны мен Үстеме баға өрістері ингредиенттер бойыншажеткізілім қоймаға қосылғаннан кейін автоматты түрде есептеледі.
  5. Құрамы блогында тағамға кіретін ингредиенттер мен жартылай фабрикаттарды таңдаңыз. Брутто және нетто салмағын көрсетіңіз.
  6. Сақтау түймесін басыңыз.

Тех.карталар

💡 Егер тех. картаны салмақпен сатсаңыз, Салмақтық тауар опциясын қосып, 100 грамм бағасын жазыңыз. Сату кезінде даяшы тек салмағын енгізеді, ал құны автоматты түрде есептеледі.

💡 Егер тағам не сусын бірнеше нұсқада сатылса, мысалы көлемі әртүрлі болса немесе қосымша ингредиент қосылса, тех. карталарға Түрлендіргіштер қосыңыз.



💪 Сұрақтарыңыз болса, чатқа жазыңыз — қолдау көрсету тобы сізге көмектеседі.