Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

1С-тен Poster-ге деректерді қалай экспорттауға болады

Уақыт үнемдеу үшін мәзірді, жеткізілімдерді және қалдықтарды 1С-тен Poster-ге экспорттаңыз. Сонда деректерді қолмен көшірудің қажеті болмайды.

 

❗️1С — ресейлік өнім, біз бұл интеграцияны қолдаймыз, себебі көптеген клиенттер әлі де 1С-ті пайдаланады.

1С-те есеп жүргізген болсаңыз, деректерді қолмен көшірмеу және уақытты үнемдеу үшін мәзіріңізді, жеткізушілер деректерін, жеткізілімдер мен қалдықтарды нұсқаулық бойынша экспорттаңыз.


Мәзірді экспорттау

1С-тен мәзіріңізді экспорттаңыз: тех. карталарды, тауарларды, жартылай фабрикаттар мен ингредиенттерді. Осы позициялар 1С-те белгілі бір номенклатуралық топқа жататын болса, өңдеу Әкімші панелінде сәйкес санаттарды автоматты түрде жасайды және номенклатураны жүктеп салады.

Санаттар автоматты түрде жасалуы үшін өңдеу баптауларында Деректерді жүктеп салу → Номенклатура қойындысын ашып, Экспорт кезінде Poster-де топтарды автоматты түрде жасау тармағының қасына белгі қойыңыз.


Бірнеше позицияны экспорттау үшін:

  1. Номенклатура қосу → ••• басыңыз.
  2. Керекті номенклатураны табыңыз.
  3. Таңдау басыңыз.

  4. Номенклатураның түрін таңдаңыз.
  5. Тех. карта экспортталса, Цехты, Бағаны және Спецификацияны таңдаңыз. ☝️ 1С-те спецификация толтырылмаса, мұндай позицияны Poster Әкімші панеліне экспорттау мүмкін болмайды.
  6. Номенклатура қатесіз экспортталса, оның қасында жасыл белгі және қызметтік хабарламаларда сәйкес хабар пайда болады.


Санаттың бүкіл құрамын жүктеп салу үшін:

  1. Номенклатура тізімін қосу басыңыз.
  2. Топты тауып, Таңдау басыңыз.
  3. Өңдеу осы позициялар үшін түр мен цехты таңдауды ұсынады.

  4. Әрбір позиция үшін түрін және цехты өзгертуге, тех. карта болса Бағаны және Спецификацияны көрсетуге болады.

    💡 Позиция Poster-ге экспортталмаса, оның қасында жасыл белгі болмайды, ал қызметтік хабарламаларда себебі пайда болады. Қатені түзетіп, экспортты қайталаңыз.


Контрагенттер

Жеткізушілерді Poster-ге экспорттаңыз.

Бір жеткізушіні экспорттау үшін:

  1. Жеткізуші қосу → ••• басыңыз.
  2. Жеткізушіні тауып, Таңдау басыңыз.

  3. Контрагент сәтті экспортталса, оның қасында жасыл белгі және қызметтік хабарламаларда сәйкес хабар пайда болады.

Жеткізушілер тобын жүктеп салу үшін:

  1. Контрагенттер тізімін қосу → ••• басыңыз.
  2. Жеткізушілер тобын таңдап, Таңдау басыңыз.

  3. Контрагенттер сәтті экспортталса, олардың қасында жасыл белгі және қызметтік хабарламаларда сәйкес хабарландыру пайда болады.


Тауар жеткізілімі

Жеткізілімдерді экспорттау үшін:
  1. Жеткізілімдерді экспорттау керек кезеңді таңдаңыз.

    💡 Таңдалған кезеңде 1С-те Poster-ден импортталмаған немесе 1С-ке экспортталмаған жеткізілімдер болса, жеткізілімдер тізімі автоматты түрде толтырылады.

  2. Басқа жеткізілімдерді таңдау үшін Жеткізілім қосу → ••• басып, керекті жеткізілімдерді тауып, Таңдау басыңыз.

  3. Жеткізілім сәтті экспортталса, оның қасында жасыл белгі пайда болады.


Бірнеше жеткізілімді экспорттау үшін:

  1. Жеткізілімдер тізімін қосу басыңыз.
  2. Керекті жеткізілімдерді тауып, Таңдау басыңыз.
  3. Келесі жеткізілімдерді таңдап, тағы да Таңдау басыңыз.

  4. Жеткізілімдер сәтті экспортталса, олардың қасында жасыл белгі пайда болады.



Қалдықтар

Poster-мен жұмысты жаңа бастасаңыз және бұған дейін 1С-те есеп жүргізген болсаңыз, ингредиенттер мен тауарлардың ағымдағы қалдықтарын Әкімші панеліне жүктеңіз:

  1. Қалдықтарды жүктеп алу керек ұйымды таңдаңыз.

  2. 1С-тен Poster-ге қалдықтарды жүктеп алу керек қойманы таңдаңыз.

  3. Күнді таңдап, Poster-дегі қойманы және жеткізушіні көрсетіңіз, осы деректермен Әкімші панелінде жеткізілімдер пайда болады.

💡 Қажет болса, Әкімші панеліне экспорттаудың қажеті жоқ позициялардың қасындағы белгілерді алып тастаңыз.

 

💪 1С-тен Poster-ге деректерді экспорттау сәтсіз болса, ыңғайлы мессенджерге жазыңыз, біз баптауға көмектесеміз.